Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 459 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жүйелі тіркеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 799 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 375-құжат).
      2. «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 414-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 47, 643-құжат).
      5. «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 15, 269-құжат).
      6. «Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 72 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж, № 5, 49-құжат).
      7. «Ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша, салық салу объектілерінің құнын айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж, № 22, 165-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады