Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғылары мынадай ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша бекітілсін:
      1) акционерлік қоғам ;
      2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік ;
      3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ;
      4) сенім серіктестігі ;
      5) толық серіктестік ;
      6) өндірістік кооператив .
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

       Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен   
бекітілген     

Акционерлік қоғамның
үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер

      1. ___________________________________________________________
                                    (атауы өтініште көрсетіледі)
___________________________ акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) осы Жарғысы оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарын құру тәртібі мен құзыретін, оны қайта ұйымдастыру мен қызметін тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайды.
      2. Қоғамның толық атауы:
      1) мемлекеттік тілде _________________________________________
                                     (өтініште көрсетіледі)
      2) орыс тілінде ______________________________________________
                                     (өтініште көрсетіледі)
      3. Қоғамның қысқартылған атауы:
      1) мемлекеттік тілде _________________________________________
                                     (өтініште көрсетіледі)
      2) орыс тілінде ______________________________________________
                                     (өтініште көрсетіледі)
      4. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері

      ______________________________________________________________
                         (өтініште көрсетіледі)
      Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі _____________________
                                              (өтініште көрсетіледі)

2. Қоғамның заңдық мәртебесі

      5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес теңгерімі, банктік шоттары болады, ол өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра алады, міндеттер атқарады, сотта талапкер және жауапкер болады.
      6. Қоғамның өз атауы және өзге де деректемелері жазылған, оның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мөрі, бланкілері болады.
      7. Қоғам өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Азаматтық кодексті , "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
      8. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.
      9. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен ол орналасқан жерден тысқары орналасқан, заңды тұлғалар болып табылмайтын және олар туралы Ереже негізінде қоғамның атынан және қоғамның тапсыруы бойынша әрекет ететін филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.

3. Қоғамның және акционерлердің жауапкершілігі

      10. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапкершілік атқарады.
      11. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік атқармайды. Акционерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
      12. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты оның міндеттемелері бойынша мемлекет жауап бермейді.

4. Қоғам қызметінің негізгі түрлері

      13. Негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________                          (өтініште көрсетіледі)

5. Қоғам акционерлерінің құқықтары

      14. Қоғам акционерінің:
      1) Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысуға;
      2) дивидендтер алуға;
      3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;
      4) қоғам тіркеушісінен немесе атаулы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
      5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатура ұсынуға;
      6) қоғамның органдары қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дау айтуға;
      7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және қоғамға сауал келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға;
      8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
      9) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда белгіленген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
      15. Ірі акционердің, сондай-ақ:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
      2) директорлар кеңесіне Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
      4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
      16. Артықшылықты акциялардың иелері - акционерлердің жай акциялардың иелері - акционерлердің алдында қоғам жарғысында белгіленген алдын ала айқындалған кепілді мөлшерде дивидендтер алуға және Заңда белгіленген тәртіппен қоғамды тарату кезінде мүліктің бір бөлігіне артықшылықты құқығы бар.
      Акционерлердің құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Заңда белгіленеді.

6. Қоғамның мүлкі

      17. Қоғамның мүлкі:
      1) акционерлердің қоғам акцияларын төлеуге берген мүлкінің;
      2) оның қызметінің нәтижесінде алынған кірістердің;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған негіздер бойынша сатып алынатын өзге де мүліктің есебінен қалыптастырылады.

7. Акциялар, облигациялар.
Бағалы қағаздарды орналастыру шарттары

      18. Қоғам жай акцияларды не жай және артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
      19. Жай акция дауыс беруге шығарылатын барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге акционерлердің жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысу құқығын, акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімі негізінде қоғамда таза кіріс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
      Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жыл/тоқсан/жарты жылдық (қажеттісінің астын сызу) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      20. Қоғамның артықшылықты акциясы оның иесіне:
      акционерлер, жай акцияларды ұстаушылар алдында _______________  _______ (өтініште көрсетіледі) мөлшерінде (артықшылықты акция бойынша белгіленген түрдегі немесе оның мәні реттелетін және ортақ қол жетерліктей болған кезде қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстеумен дивидендтің кепілді мөлшері) дивидендтер алуға басым құқыққа);
      қоғам таратылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне құқық береді.
      Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу кезеңділігі
________________ (өтініште көрсетіледі).
      21. Артықшылықты акция акционерге мынадай:
      1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қарайтын жағдайды. Мұндай мәселе бойынша шешім шектеуді жақтап орналастырылған (сатып алынғандарды шегергенде) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп саналады;
      2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселе қарайтын;
      3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап үш айдың ішінде толық көлемде төленбеген жағдайларды қоспағанда, қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
      22. Акцияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сондай-ақ жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу шарттары мен тәртібі акцияларды шығару проспектісінде белгіленеді.
      23. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
      24. Қоғам қосымша қаражат тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға құқылы.
      Облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, олар бойынша сыйақы төлеу, облигацияларды өтеу және оларды сатудан түскен қаражатты пайдалану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және облигацияларды шығару проспектісінде айқындалады.

8. Таза кірісті бөлу тәртібі.
Акциялар бойынша дивидендтер

      25. Қоғамның таза кірісі (салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) қоғамның басқаруында қалады және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен айқындалған тәртіппен, оның ішінде дивидендтер төлеуге бөлінеді. Қалған бөлігі қоғамды дамытуға немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде көзделген өзге де мақсаттарға жіберіледі.
      Акционерлердің жалпы жиналысы жыл қорытындысымен жай акциялар бойынша дивидендтер төлеудің мақсатқа сай еместігі туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу осы Жарғының 27-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қоғам органының шешімін талап етпейді.
      Орналастырылмаған немесе қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ, егер сот немесе акционерлердің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім шығарса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.
      26. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
      1) меншікті капиталының мөлшері теріс болған кезде немесе егер, қоғамның меншікті капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
      2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем жасауға қабілетсіздік немесе дәрменсіздік белгілеріне жауап берсе, не көрсетілген белгілер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде пайда болса, дивидендтер есептеуге жол берілмейді.

9. Қоғамның органдары

      27. Қоғамның органдары:
      1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - осы акционер);
      2) басқару органы - директорлар кеңесі;
      3) атқарушы орган - басқарма немесе атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға (атқарушы директор).
      Егер барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі болса, акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Заңда және осы жарғыда акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқықтарға нұқсан келтірмейтін және оларды шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
      28. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатқызылады:
      1) қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциямен бекіту;
      2) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ ол қабылданған жағдайда оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
      3) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      4) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
      5) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау, сондай-ақ оларды өзгерту шарттары мен тәртібін айқындау;
      6) есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
      7) директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
      8) қоғам аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
      9) жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
      10) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтің мөлшерін бекіту;
      11) Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның қарапайым және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
      11-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
      12) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан астам пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қоғамның қатысуы туралы шешім қабылдау;
      13) қоғамның акционерлерге акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлау нысанын айқындау және осындай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру туралы шешім қабылдау;
      14) қоғам акцияларды Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер әдістеме құрылтай жиналысында бекітілмеген болса, оны бекіту) өзгерістерді бекіту;
      15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
      16) егер осындай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, акционерлерге қоғамның қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралын айқындау;
      17) "алтын акцияны" енгізу және күшін жою;
      18) шешім қабылдау Заңмен және қоғам жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
      1)-4) тармақшаларда көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының білікті көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендіру қорын қайта құру нәтижесінде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста ұсынылған дауыс беретін акцияларының білікті көпшілігімен қабылданады.
      Егер Заңда және қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімдері қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      29. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
      Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
      1) директорлар кеңесінің:
      2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
      Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, дайындауы және өткізуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.
      30. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
      1) атқарушы орган;
      2) өзімен жасалған шартқа сәйкес қоғамның тіркеушісі;
      3) директорлар кеңесі;
      4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
      Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығыстарды қоғам көтереді.
      31. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
      Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
      32. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары__________________________
                                  (өтініште көрсетіледі)
уәкілетті органның (бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
       Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      33. Заңмен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасауды қоғамның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
      1) қоғам қызметінің басымды бағыттарын айқындау;
      2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау;
      3) жарияланған акциялар саны шегінде акцияларды орналастыру (сату) туралы, соның ішінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
      4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
      5) қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
      6) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын айқындау;
      7) атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын және мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
      8) лауазымдық жалақылардың мөлшерін және атқарушы органның басшысының және мүшелерінің (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) еңбегіне ақы төлеу және сыйақы төлеу шарттарын айқындау;
      9) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу мөлшері мен талаптарын айқындау;
      10) корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін және сыйақы беру шарттарын айқындау;
      11) аудиторлық ұйымның, сондай-ақ бағалаушының қызметіне қоғам акциясын төлеуге берілген не ірі мәміле мәні болып табылатын мүлікті нарықтық құнның бағасы бойынша ақы төлеу мөлшерін айқындау;
      12) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), сондай-ақ аукциондар өткізу және қоғамның құнды қағаздарына жазылу шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды бекіту;
      13) қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
      14) басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлесі) қоғамның сатып алуы туралы шешім қабылдау;
      14-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
      15) қоғамның міндеттемелерін оның меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
      16) бұрынғы тіркеушімен шарт бұзылған жағдайда қоғамның тіркеушісін таңдау;
      17) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;
      18) ірі мәмілелер және жасалуында қоғамның мүдделілігі бар мәмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
      19) Заңда және қоғам жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.
      Осы Жарғының 34-тармағында тізбесі белгіленген мәселелер атқарушы органға шешуге берілмейді.
       Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      34. Қоғамның жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
      35. Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
      36. Директорлар кеңесін сайлау тәртібі Заңмен белгіленеді.
      Қоғамның директорлар кеңесі директорлар кеңесінің ____________ (өтініште көрсетіледі) мүшесінен және оның төрағасынан тұрады, олардың әрқайсысының дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Директорлар кеңесінің ________ (өтініште көрсетіледі) мүшесі тәуелсіз директорлар болып табылады.
      Директорлар кеңесін өткізуге арналған кворум директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысын құрайды.
      Дауыстардың саны тең болған кезде директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар кеңесінің мәжілісіне төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып табылады.
      Директорлар кеңесі директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      37. Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
       Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      38. Директорлар кеңесін сайлау және қызметінің тәртібі Заңмен белгіленеді.
      39. Директорлар кеңесінің шешімдері директорлар кеңесінің қарауына шығарылған мәселелер бойынша сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.
      Сырттай дауыс беру директорлар кеңесін шақыруға бастамашы болу құқығы бар тұлғалардың бастамасы бойынша өткізіледі. Сырттай дауыс беруді өткізу туралы талап директорлар кеңесінің төрағасына (ол сырттай дауыс беруді өткізуден бас тартқан жағдайда - атқарушы органға) жазбаша нысанда беріледі және дауыс беруге қойылған, нақты және біржақты тұжырымдалған мәселе (мәселелер) болуы тиіс.
      40. Ағымдағы қызметке басшылықты атқарушы орган - басқарма немесе атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға атқарушы директор жүзеге асырады.
      Атқарушы орган қоғам қызметінің Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.
      Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
      Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
      41. Акционерлер және оның акционерлері болып табылмайтын қоғам қызметкерлері басқарма мүшелері бола алады.
      Басқарма ________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады.
      Басқарманың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады, бірақ ол аптасына кемінде бір рет, басқарма мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға басқарманың осы отырысқа қатысқан барлық мүшесі қол қояды.
      42. Атқарушы органның басшысы:
      1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
      2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) үшінші тұлғалармен қатынастарда оған қоғамды білдіруге сенімхат береді;
      4) қоғам қызметкерлерін (Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының және оларға дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
      5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
      6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
      7) қоғам жарғысында және акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      43. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ол құрылған жағдайда, қоғамның ішкі аудит қызметі _________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады.
      Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
      44. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді.

10. Қоғам акционерлерінің және лауазымды
тұлғаларының өздерінің аффилиирленген тұлғалары
туралы ақпарат беру тәртібі

       45. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының есебін осы тұлғалар немесе қоғамның тіркеушісі беретін мәліметтер негізінде (уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ірі акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргізеді.
      46. Қоғамның ірі акционерлері мен лауазымды тұлғалары өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мынадай көлемде ұсынады:  

Жеке тұлғалар туралы

Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

Жеке басын куәләндыратын құжаттың деректері және жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы мәліметтер

Туған күні

Аффилиирленгендігін тану үшін негіздемелер

Аффилиирленгендігінің пайда болған күні

Ескертпе

Заңды тұлғалар туралы

Заңды тұлғалардың толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген күні және нөмері, заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және іс-жүзінде орналасқан жері

Аффилиирленгендігін тану үшін негіздемелер

Аффилиирленгендігінің пайда болған күні

Ескертпе

      47. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
      Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен табыс етуге міндетті.

11. Қоғамның ақпаратты ашуы

      48. Қоғам өз қызметі туралы, қоғам акционерлерінің мүдделерін қозғайтын ақпаратты өзінің акционерлеріне Заңға және осы Жарғыға сәйкес жеткізеді.
      Акционерлік қоғам және оның акционерлері өзінің хабарларын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде жариялайтын басқа ақпаратты жариялау үшін пайдалануы тиіс бұқаралық ақпарат құралдары __________ (өтініште көрсетіледі).
      49. Акционердің талап етуі бойынша қоғам акционерге Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті.
      50. Акционер ақпарат алу мақсатында қоғамның атқарушы органына жазбаша нысанда өтініш жасайды. Акционердің өтініші қоғамның кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркелуі тиіс. Қоғам акционерге талап етілетін ақпаратты (талап етілген құжаттардың көшірмелерін) өтініш жасаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беруге міндетті.
      Құжаттардың көшірмелерін бергені үшін төленетін ақының мөлшерін қоғам белгілейді және құжаттардың көшірмелерін дайындау шығыстарының құнынан және құжаттарды акционерге жеткізуге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы тиіс.

12. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

      51. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      52. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

13. Қорытынды ережелер

      53. Қоғам осы Жарғымен реттелмеген барлық мәселелерде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
      54. Осы Жарғы заңнамада белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
 
      Құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) қолдары
      (жарғыны құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы) бекіткен кезде) немесе уәкілетті тұлғаның қолы
      (жарғыны акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) бекіткен кезде)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен   
бекітілген      

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер

      1.1._________________________________________________________
                       (өтініште көрсетіледі)
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі (бұдан әрі - серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серіктестікке қатысушылардың тізбесі (қатысушылар тізілімін жүргізуді тіркеуші олардың атауын, орналасқан жерін, мекен-жайын, банктік деректемелерін (егер заңды тұлға құрылтайшы болып табылса) немесе атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін (егер жеке тұлға құрылтайшы болып табылса) көрсете отырып жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) ____________________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
      1.3. Серіктестіктің фирмалық атауы
мемлекеттік тілде __________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
      орыс тілінде _________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
      1.4. Серіктестіктің орналасқан жері және мекен-жай ___________
____________________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
      1.5. Серіктестік қызметінің мерзімі __________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
                                           (өтініште көрсетіледі )
      1.7. Қызметінің негізгі түрлері _____________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.8. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады.
      Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі

      2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.
      2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады.
      2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
      2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
      2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
      2.6. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша өздері енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.

3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Серіктестікке қатысушылар:
      1) серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
      2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
      3) серіктестіктің қызметінен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға;
      4) серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес оның мүлкінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
      5) өз үлесін иеліктен шығару жолымен серіктестікке қатысуды тоқтатуға;
      6) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқылы.
      3.2. Серіктестікке қатысушылар:
      1) құрылтай шартының талаптарын сақтауға;
      2) серіктестіктің жарғылық капиталына құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде салымдар енгізуге;
      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
      4) атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге серіктестікке қатысушылар тізілімі енгізілген жағдайда осы жарғының 1-тармағы 1.2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      3.3. Серіктестікке қатысушылар құрылтай шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді көтеруі мүмкін.

4. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға  серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі

      4.1. Серіктестік өз қатысушыларының талап етуі бойынша оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
      Серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат болып:
      1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, байқаушы кеңес, атқарушы орган, серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексеруші) қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалғаны туралы ақпарат;
      2) серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан да астам пайызды құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
      3) серіктестіктің нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталының мелшерінен жиырма бес және одан астам пайызды құрайтын сомаға мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәміле немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуы;
      4) серіктестіктің қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру;
      5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
      6) нәтижесінде серіктестік мүлкі жойылған, теңгерімдік құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он немесе одан астам пайызын құрайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы;
      7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      8) серіктестікті мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім;
      9) аудиторлық есеп (ол бар болғанда);
      10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
      11) серіктестік жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
      4.2. Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат қатысушыларға олардың жазбаша сұраулары бойынша, атқарушы органға қатысушылардың (қатысушының) шешімінде белгіленген мерзімде беріледі.
      Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі және көлемі қатысушылардың (қатысушының) шешімімен және үлесті сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.

5. Серіктестіктің мүлкі

      5.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлар және айналым қаражаты, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік құрайды.
      Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестіктің алған табыстары есебінен, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
      Мүлік серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады.
      5.2. Мемлекеттік тіркеу сәтінде серіктестіктің жарғылық капиталы ___________________________________________ теңгені құрайды.
                   (өтініште көрсетіледі)
      Серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек ақшамен ғана қалыптасатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда). Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салым енгізуге жол берілмейді.
      5.3. Барлық қатысушылардың серіктестіктің мүлкіндегі үлестері олардың жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады және егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөлік немесе пайыз түрінде белгіленеді.
      5.4. Серіктестіктің мүлкі қатысушылардың жарғылық капиталдағы бастапқы жарналарының, қосымша жарналарының, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың, сондай-ақ серіктестіктің белгіленген тәртіппен сатып алған немесе алған қарыз қаражатының және басқа да мүлкінің есебінен құралады.
      5.5. Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгертілуі мүмкін.
      Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту серіктестікке барлық қатысушылар өндіретін қосымша барабар салымдар; серіктестіктің меншікті капиталының есебінен жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту, оның ішінде оның резервтік капиталы есебінен; барлық қалған қатысушылардың келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуі; жаңа қатысушыларды серіктестіктің құрамына қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
      Серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуы серіктестікке барлық қатысушылар салымдарының мөлшерін бара бар кеміту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Серіктестіктің органдары

      6.1. Серіктестіктің органдары:
      серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
      серіктестіктің атқарушы органы (жеке дара немесе алқалы) болып табылады.
      Серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің қадағалау (қадағалау кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте, қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне кіретін шешімді бір ғана қатысушы жеке дара қабылдайды және жазбаша ресімделеді.
      Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
      1) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекітуді қоса алғанда, серіктестіктің жарғысын өзгерту;
      2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
      3) серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;
      4) жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу;
      5) ішкі ережелерді, олардың қабылдану рәсімін және серіктестіктің жарғысымен бекітілуі серіктестіктің өзге органдарының  құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;
      6) серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;
      7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;
      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату теңгерімдерін бекіту;
      9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;
      10) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беру туралы шешім;
      11) серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім;
      12) серіктестікке қатысушыларға және үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін бекіту.
      Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ жарғыда анықталған басқа да мәселелер бойынша шешімдер серіктестікке қатысушылардың жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің төрттен үш білікті басым көпшілігінің дауысымен қабылданады.
      Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны санақ кезінде ескерілмейді.
      Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
      Жалпы жиналыс серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
      6.2. Атқарушы орган директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
      Дирекция ______________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады. Дирекцияның басшылығы директор болады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директор берген дауыс шешуші деп есептеледі.
      6.3. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.
      Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне, жалпы жиналыстың, оның айрықша құзыретіне жатпайтын Заңға сәйкес атқарушы органға берілген өкілеттіктер де жатады.
      6.4. Серіктестік директорының өкілеттіктері:
      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;
      3) серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселесін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе байқаушы органдардың құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында берілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      6.5. Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.
      Серіктестіктің байқаушы кеңесінің қызметі мен олардың шешімдер қабылдау тәртібі ережемен және жалпы жиналыс қабылдаған өзге де құжаттармен анықталады.
      6.6. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылардың ішінен немесе олардың өкілдерінен тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін.
      Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.
      Серіктестіктің атқарушы органдарының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.
      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
       Ескерту. 6.6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Серіктестіктің таза табысын оған қатысушылардың арасында бөлу

      7.1. Серіктестіктің оның жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын серіктестікке қатысушылардың арасында бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.
      Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден шығарып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.
      7.2. Серіктестіктің жалпы жиналысы қатысушылар арасында табысты бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда, әр қатысушы бөлінген табыстың бір бөлігін серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жүргізуі тиіс.

8. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату

      8.1. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      8.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Серіктестікке қатысушылар:
______________________________         _______________________
______________________________         _______________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен 
бекітілген     

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің
үлгі жарғысы  1. Жалпы ережелер

      1.1.___________________________________________________________
____________________________ қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі
(өтініште көрсетіледі)
(бұдан әрі - серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серіктестікке қатысушылардың тізбесі (қатысушылар тізілімін жүргізуді тіркеуші олардың атауын, орналасқан жерін, мекен-жайын, банктік деректемелерін (егер заңды тұлға құрылтайшы болып табылса) немесе атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін (егер жеке тұлға құрылтайшы болып табылса) көрсете отырып жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда)   ____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      1.3. Серіктестіктің фирмалық атауы
мемлекеттік тілде __________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      орыс тілінде _________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      1.4. Серіктестіктің орналасқан жері және мекен-жайы __________
____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      1.5. Серіктестік қызметінің мерзімі __________________________
____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
____________________________________________________________________
                      (өтініште көрсетіледі)
      1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады.
      Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі

      2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.
      2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады.
      2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
      2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
      2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
      2.6. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға өздерінің салымдарымен, ал бұл сома жеткіліксіз болған кезде - олар салған салымдарға еселенген мөлшерде оларға қосымша тиесілі мүлікпен жауап береді.
      Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғылық капиталға
олардың салымдарына еселенеді _____________ (өтініште көрсетіледі).
      Қатысушылардың бірі банкрот болған кезде серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзге тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына барабар түрде бөлінеді.

3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Серіктестікке қатысушылар:
      1) серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
      2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
      3) серіктестіктің қызметінен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға;
      4) серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес оның мүлкінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
      5) өз үлесін иеліктен шығару жолымен серіктестікке қатысуды тоқтатуға;
      6) "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқылы.
      3.2. Серіктестікке қатысушылар:
      1) құрылтай шартының талаптарын сақтауға;
      2) серіктестіктің жарғылық капиталына құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде салымдар енгізуге;
      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
      4) атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге серіктестікке қатысушылар тізілімі енгізілген жағдайда осы жарғының 1-тармағы 1.2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      3.3. Серіктестікке қатысушылар құрылтай шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді көтеруі мүмкін.

4. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі

      4.1. Серіктестік өз қатысушыларының талап етуі бойынша оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
      Серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат болып:
      1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, байқаушы кеңес, атқарушы орган, серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексеруші) қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалғаны туралы ақпарат;
      2) серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан да астам пайызды құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
      3) серіктестіктің нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан астам пайызды құрайтын сомаға мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәміле немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуы;
      4) серіктестіктің қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру;
      5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
      6) нәтижесінде серіктестік мүлкі жойылған, теңгерімдік құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он немесе одан астам пайызын құрайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы;
      7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      8) серіктестікті мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім;
      9) аудиторлық есеп (ол бар болғанда);
      10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
      11) серіктестік жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
      4.2. Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат қатысушыларға олардың жазбаша сұраулары бойынша, атқарушы органға қатысушылардың (қатысушының) шешімінде белгіленген мерзімде беріледі.
      Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі және көлемі қатысушылардың (қатысушының) шешімімен және үлесті сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.

5. Серіктестіктің мүлкі

      5.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлар және айналым қаражаты, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік құрайды.
      Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестіктің алған табыстары есебінен, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
      Мүлік серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады.
      5.2. Мемлекеттік тіркеу сәтінде серіктестіктің жарғылық капиталы __________________________________________ теңгені құрайды.
                   (өтініште көрсетіледі)
      Серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек ақшамен ғана қалыптасатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда).
      Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салым енгізуге жол берілмейді.
      5.3. Барлық қатысушылардың серіктестіктің мүлкіндегі үлестері олардың жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады және егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөлік немесе пайыз түрінде белгіленеді.
      5.4. Серіктестіктің мүлкі қатысушылардың жарғылық капиталдағы бастапқы жарналарының, қосымша жарналарының, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың, сондай-ақ серіктестіктің белгіленген тәртіппен сатып алған немесе алған қарыз қаражатының және басқа да мүлкінің есебінен құралады.
      5.5. Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгертілуі мүмкін.
      Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту серіктестікке барлық қатысушылар өндіретін қосымша барабар салымдар; серіктестіктің меншікті капиталының есебінен жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту, оның ішінде оның резервтік капиталы есебінен; барлық қалған қатысушылардың келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуі; жаңа қатысушыларды серіктестіктің құрамына қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
      Серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуы серіктестікке барлық қатысушылар салымдарының мөлшерін бара бар кеміту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Серіктестіктің органдары

      6.1. Серіктестіктің органдары:
      серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
      серіктестіктің атқарушы органы (жеке дара немесе алқалы) болып табылады.
      Серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің қадағалау (қадағалау кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте, қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне кіретін шешімді бір ғана қатысушы жеке дара қабылдайды және жазбаша ресімделеді.
      Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
      1) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекітуді қоса алғанда, серіктестіктің жарғысын өзгерту;
      2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
      3) серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;
      4) жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу;
      5) ішкі ережелерді, олардың қабылдану рәсімін және серіктестіктің жарғысымен бекітілуі серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;
      6) серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім;
      7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім;
      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату теңгерімдерін бекіту;
      9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;
      10) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беру туралы шешім;
      11) серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім;
      12) серіктестікке қатысушыларға және үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін бекіту.
      Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ жарғыда анықталған басқа да мәселелер бойынша шешімдер серіктестікке қатысушылардың жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің төрттен үш білікті басым көпшілігінің дауысымен қабылданады.
      Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны санақ кезінде ескерілмейді.
      Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
      Жалпы жиналыс серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
      6.2. Атқарушы орган директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
      Дирекция ___________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден
тұрады. Дирекцияның басшылығы директор болады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директор берген дауыс шешуші деп есептеледі.
      6.3. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады.
      Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне, жалпы жиналыстың, оның айрықша құзыретіне жатпайтын Заңға сәйкес атқарушы органға берілген өкілеттіктер де жатады.
      6.4. Серіктестік директорының өкілеттіктері:
      1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      2) серіктестіктің өкілі болу құқығына, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;
      3) серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселесін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе байқаушы органдардың құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында берілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      6.5. Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.
      Серіктестіктің байқаушы кеңесінің қызметі мен олардың шешімдер қабылдау тәртібі ережемен және жалпы жиналыс қабылдаған өзге де құжаттармен анықталады.
      6.6. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылардың ішінен немесе олардың өкілдерінен тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін.
      Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.
      Серіктестіктің атқарушы органдарының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.
      Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
       Ескерту. 6.6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Серіктестіктің таза табысын оған қатысушылардың арасында бөлу

      7.1. Серіктестіктің оның жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын серіктестікке қатысушылардың арасында бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.
      Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден шығарып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.
      7.2. Серіктестіктің жалпы жиналысы қатысушылар арасында табысты бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда, әр қатысушы бөлінген табыстың бір бөлігін серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жүргізуі тиіс.

8. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату

       8.1.   Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      8.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Серіктестікке қатысушылар:
   _____________________________      ______________________________
   _____________________________      ______________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен  
бекітілген      

Сенім серіктестігінің
үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер

      1.1. _________________________________________________________
______________________________________________________________
                           (өтініште көрсетіледі)
сенім серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік), Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады:_____________________________________________
                           (өтініште көрсетіледі)
      1.3. Серіктестіктің атауы ____________________________________
____________________________________________________________________
                           (өтініште көрсетіледі)
      1.4. Серіктестіктің орналасқан жері __________________________
____________________________________________________________________
                           (өтініште көрсетіледі)
      1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі _______________________
                                              (өтініште керсетіледі)
      1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
                                              (өтініште көрсетіледі)
      1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады.
      Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі

      2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
      2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкілері болады.
      2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, міндет алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
      2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
      2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
      2.6. Серіктестікке, серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап беретін қатысушылармен (толық серіктер) қатар серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері салған салым сомаларының шегінде көтеретін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын салымшы қатысушылар кіреді.

3. Серіктестікке толық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3.1. Серіктестікке толық қатысушылардың:
      1) осы жарғыда белгіленген тәртіппен серіктестіктің ісін басқаруға қатысуға;
      2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға;
      3) таза кірісті бөлуге қатысуға;
      4) серіктестік таратылған жағдайда, кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өз үлестеріне сәйкес мүлкінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
      5) серіктестік мүлкіндегі өзінің салған салымына барабар үлесінің құнын ала отырып, белгіленген тәртіппен серіктестіктен шығуға құқығы бар.
       Ескерту. 3.1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3.2. Серіктестікке толық қатысушылар:
      1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
      2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде, тәсілдер мен мерзімдерде салуға;
      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
       Ескерту. 3.2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4. Серіктестік салымшыларының құқықтары мен міндеттері

      4.1. Серіктестік салымшыларының:
      1) серіктестік пайдасының бір бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесіне барабар мөлшерде алуға;
      2) серіктестіктің жылдық есептерімен және теңгерімдерімен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге;
      3) мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін осы Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беруге;
      4) "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 2-тармағында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестіктен шығуға;
      5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
      6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
      Серіктестік салымшыларының осы Заңда, басқа да заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкін.
      4.2. Серіктестік салымшылары:
      1) серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;
      2) серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға;
      3) серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестің өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның ішінде серіктестікке қызмет көрсетуге;
      4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің не заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      Серіктестік салымшылары Заңда, басқа заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

5. Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері

      5.1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
      5.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                       (өтініште көрсетіледі)
      Серіктестік лицензия негізінде тізбесі заңнамалық актілерде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен айналыса алады.

6. Серіктестіктің мүлкі

      6.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүлік құрайды.
      Мүлік меншік құқығы негізінде серіктестікке тиесілі болады.
      Қатысушылардың жарғылық қорына салымдар; оның қызметінен алынған табыс; заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де көздер серіктестік мүлкін құрайтын көздер болып табылады.
      6.2. Серіктестіктің жарғылық капиталы оған қатысушылардың салымдарынан тұрады. Шаруашылық қызмет процесінде жарғылық капитал өзгеруі мүмкін. Салымшылар салымдарының есебінсіз жарғылық капитал серіктестік мүлкіндегі толық серіктердің үлесін анықтайды.
      Серіктестіктің жарғылық капиталы _____________________________ ____________________________________________________ теңгені құрайды.
                   (өтініште көрсетіледі)
      Серіктестіктің жарғылық капиталын құрудың тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ серіктестік мүлкіндегі қатысушылардың үлестері серіктестіктің құрылтай шартында белгіленеді, бұл ретте салымшылардың жарғылық капиталдағы үлестерінің жиынтық мөлшері 50 пайыздан аспауға тиіс.

7. Серіктестіктің басқару және бақылау органдары

      7.1. Серіктестіктің ісін басқаруды толық серіктер жүзеге асырады.
      7.2. Серіктестіктің жоғары органы оның толық серіктерінің жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі, сондай-ақ басқару органдарын құру тәртібі мен оның құзыреті туралы шешімдер оның барлық толық серіктерінің ортақ келісімі бойынша қабылданады.
      7.3. Салымшылардың серіктестіктің ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оны білдіруге құқығы жоқ. Серіктестік салымшыларының толық серіктердің серіктестіктің ісін басқару жөніндегі іс-әрекеттерін даулауға құқығы жоқ.
      7.4. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған серіктестіктің органдары барлық толық серіктерге олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беруге міндетті.
      7.5. Толық серіктердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
      1) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
      2) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту;
      3) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту;
      4) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім.
      Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік  дауысымен қабылданады. Әрбір қатысушының бір дауысы бар.
      7.6. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді өз қарауына қабылдауға құқылы.
      7.7. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі.
      7.8. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті. Дирекция _______________________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешуші болып саналады.
      7.9. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті, оның ішінде:
      ағымдағы және перспективалық жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
      қатысушылардың шешімдерін әзірлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер береді;
      ақша қаражатын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шекте серіктестік мүлкіне билік етеді;
      серіктестіктің атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашады;
      серіктестіктің еңбек ұжымының орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
      серіктестік қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады;
      сенімхат береді;
      мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгіленген өкілеттіктер шегінде серіктестік қызметінің мәселелері бойынша серіктестікті білдіреді;
      серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді, оларды қабылдау рәсімін анықтайды;
      өз құзыретінің шегінде басқа функцияларды атқарады.
      7.10. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді:
      1.____________________________________________________________
      2.____________________________________________________________
      3.____________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
      7.11. Байқаушы кеңес ___________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады.
      Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
      7.12. Есептердің дәлдігін, серіктестік қызметінің заңнамаға, осы жарғыға, келісім-шарттар мен келісімдерге сәйкестігін бағалау жөніндегі функциялар жалпы жиналыстың шешімі бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледі.
      7.13. Серіктестіктің тексеру комиссиясының құрамына серіктестікке қатысушылар, заңнамалық актілерге сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы тәуелсіз сарапшылар және басқа адамдар кіре алады.
      7.14. Тексеріс жүргізу үшін тәуелсіз аудитор тартылуы мүмкін.

8. Серіктестіктің пайдасы мен шығынын бөлу

      8.1. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында не қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, серіктестіктің пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серіктестік мүлкіндегі олардың үлесіне барабар мөлшерде бөлінеді.
      8.2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серіктестіктің пайдасын бөлісуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берілмейді.

9. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру    тәртібі

      9.1. Серіктестік өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.
      Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
      1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (тексерушінің) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
      2) серіктестіктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
      3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
      4) серіктестіктің қандай да қызметтің бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекет жасауы, олардың әрекетінің тоқтатыла тұруы немесе тоқтауы, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекет жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру;
      5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
      6) нәтижесінде серіктестіктің теңгерімдік құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
      7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
      9) аудиторлық есеп (ол бар болса);
      10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
      11) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
      9.2. Серіктестіктің қызметі туралы, оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру заңнамаға және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
      9.3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі үлестерді сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.

10. Серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі

      10.1. Толық серіктер өзінің барлық мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша Заңда белгіленген тәртіппен ортақ қосымша жауап береді.
      10.2. Салымшылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салымдары сомаларының шегінде жауап береді.
      10.3. Салымшы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) басқа салымшыларға, толық серіктерге не үшінші адамдарға барлық толық серіктердің келісімімен ғана бере алады.
      Басқа салымшыларға, толық серіктерге не үшінші адамдарға үлесті берумен бір уақытта серіктестіктен шыққан салымшыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы ауысады.

11. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату

      11.1. Серіктестік толық серіктердің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      11.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Серіктестік директоры                               Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен    
бекітілген        

Толық серіктестіктің
үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер

      1.1. _________________________________________________________
_________________________________________________ толық серіктестігі
              (өтініште көрсетіледі)
(бұдан әрі - серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                     (өтініште көрсетіледі)
      1.3. Серіктестіктің атауы ____________________________________
____________________________________________________________________
                     (өтініште көрсетіледі)
      1.4. Серіктестіктің орналасқан жері __________________________
____________________________________________________________________
                     (өтініште көрсетіледі)
      1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі _______________________
____________________________________________________________________
                     (өтініште көрсетіледі)
      1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
                                              (өтініште көрсетіледі)
      1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыра алады.
      Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі

      2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
      2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады.
      2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
      2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
      2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Серіктестікке қатысушылардың:
      1) серіктестікті басқаруға қатысуға, соның ішінде серіктестік алған табысты бөлуге қатысуға;
      2) серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде бухгалтерлік және серіктестіктің басқа да құжаттамасымен танысуға;
      3) серіктестік қызметінен олардың серіктестік мүлкіндегі үлестерінің мөлшеріне байланысты табыстар алуға;
      4) белгіленген тәртіппен толық серіктестіктен шығуға;
      5) серіктестік таратылған жағдайда, кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өз үлестеріне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
      6) "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сот тәртібімен даулауға құқығы бар.
      Серіктестікке қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
      3.2. Серіктестікке қатысушылар:
      1) серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;
      2) құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен серіктестік қызметіне қатысуға, соның ішінде серіктестік атынан іс жүргізуге немесе оған қызметті жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
      3) салымдарды толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салуға;
      4) өз атынан және өздерінің мүдделеріне серіктестік қызметінің мәнін құрайтын бір тектес мәмілелерді жасаудан бас тартуға;
      5) толық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
      6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жердің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      Серіктестікке қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді ала алады.
      Серіктестікке қатысушы серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян келтірген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген өз міндеттерін орындамаған кезде басқа қатысушылар осындай қатысушыдан зиянды өтеуін, ал айтарлықтай зиян келтірілген кезде оны серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы.

4. Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері

      4.1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
      4.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        (өтініште көрсетіледі)
      Серіктестік тізбесі заңнамалық актілерде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде айналыса алады.

5. Серіктестіктің мүлкі

      5.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлар және айналымдағы қаражат, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік құрайды.
      Мүлік серіктестіктің меншік құқығына жатады.
      Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
      1) қатысушылардың жарғылық қорға салымдары;
      2) оның қызметінен алынған табыстар;
      3) заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де көздер.
      5.2. Серіктестіктің жарғылық капиталы ________________________
____________________________________________________ теңгені құрайды.
                        (өтініште көрсетіледі)
      Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, зияткерлік меншік нәтижелеріне және өзге мүлікке құқық серіктестіктің жарғылық капиталына салым бола алады.
      Серіктестіктің жарғылық қорының мөлшері, тәртібі және құру мерзімдері серіктестіктің құрылтай шартымен белгіленеді.

6. Серіктестіктің басқару және бақылау органдары

      6.1. Серіктестіктің жоғары басқару органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.
      Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
      а) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
      б) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту;
      в) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның таза табысын бөлу;
      г) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім.
      Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Серіктестікке әрбір қатысушының бір дауысы бар.
      6.2. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретіне жататын мәселелерді өз қарауына қабылдауға құқылы.
      6.3. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі.
      6.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті. Дирекция ______________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік  дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директордың дауысы шешуші болып саналады.
      6.5. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті, оның ішінде:
      ағымдағы және перспективалық жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
      қатысушылардың шешімдерін дайындау мен орындауды ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер береді;
      оның ақша қаражатын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шекте серіктестік мүлкіне билік етеді;
      серіктестіктің атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашады;
      серіктестіктің еңбек ұжымының орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
      серіктестік қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады;
      сенімхат береді;
      мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгіленген өкілеттіктер шегінде серіктестік қызметінің мәселелері бойынша серіктестікті білдіреді;
      серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді, оларды қабылдау рәсімдерін анықтайды;
      өз құзыретінің шегінде басқа функцияларды атқарады.
      6.6. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді:
      1. ___________________________________________________________
      2. ___________________________________________________________
      3. ___________________________________________________________
                           (өтініште көрсетіледі)
      6.7. Байқаушы кеңес ____________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
      6.8. Есептердің дәлдігін, серіктестік қызметінің заңнамаға, осы жарғыға, келісім-шарттар мен келісімдерге сәйкестігін бағалау жөніндегі функциялар жалпы жиналыстың шешімі бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледі.
      6.9. Серіктестіктің тексеру комиссиясының құрамына серіктестікке қатысушылар, заңнамалық актілерге сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы тәуелсіз сарапшылар және басқа адамдар кіре алады.
      6.10. Тексеріс жүргізу үшін тәуелсіз аудитор тартылуы мүмкін.

7. Серіктестіктің пайдасы мен залалын бөлу

      7.1. Серіктестіктің пайдасы және залалы қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, серіктестіктің жарғылық қорындағы олардың салымдарының мөлшеріне барабар бөлінеді.
      7.2. Пайданы бөлуге және залалды жабуға қатысудан толық серіктестікке қандай да бір қатысушыны шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.

8. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі

      8.1. Серіктестік өзінің қатысушыларының талабы бойынша оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат ретінде мыналар танылады:
      1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, байқаушы кеңес, серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексеруші) қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалғаны туралы ақпарат;
      2) серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде қарыз алуы;
      3) серіктестіктің ірі мәмілелер жасауы немесе нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға мүлік сатып алынатын немесе иеліктен айырылатын өзара байланысты мәмілелер жиынтығы;
      4) серіктестіктің қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекет жасауы, олардың әрекетінің тоқтатыла тұруы немесе тоқтауы, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру;
      5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
      6) нәтижесінде серіктестіктің мүлкі жойылған, теңгерімдік құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың болуы;
      7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      8) серіктестікті мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім;
      9) аудиторлық есеп (ол бар болғанда);
      10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
      11) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат.
      8.2. Серіктестіктің оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын қызметі туралы ақпарат беруі заңнамаға және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
      8.3. Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ақпарат беру тәртібі және оның көлемі үлесті сатып алу туралы алдын ала шартпен белгіленеді.

9. Серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі

      9.1. Егер серіктестікті таратқан кезде бар мүлік оның барлық борыштарын жабу үшін жетпесе, серіктестік үшін жетпеген бөлікте оған қатысушылар бірлескен жауапкершілікті заңнамалық актілерге сәйкес өндіру талап етілген өзінің барлық мүлкімен көтереді.
      9.2. Серіктестік құрылған соң үлесті немесе құқықтық мирасқорлықты беру тәртібімен кірген серіктестікке қатысушы басқа қатысушылармен тең және серіктестікке кіргенге дейін туындаған міндеттемелер бойынша жауап береді.
      Толық серіктестіктің серіктестікке оны құрған соң жаңа қатысушы қабылдау тәртібімен кірген қатысушысы серіктестікке ол кірген соң туындаған міндеттемелер бойынша ғана жауап береді.
      9.3. Серіктестік борышын толық немесе ішінара өтеген қатысушы тиісті бөлікте олардың алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлестерінің мөлшеріне барабар үлестік жауапкершілік көтеретін қалған қатысушыларға кері талап қоюға құқылы.
      9.4. Толық серіктестік тоқтатылған жағдайда қатысушылар оның тоқтатылған сәтіне дейін туындаған серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы жауапты болады.

10. Серіктестіктің қызметін тоқтату

      10.1. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      10.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Серіктестік директоры                          Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысымен    
бекітілген      

Өндірістік кооперативтің
үлгі жарғысы 1. Жалпы ережелер

      1.1.__________________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (өтініште көрсетіледі)
өндірістік кооперативі (бұдан әрі - кооператив) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
      1.2. Кооперативтің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады _____________________________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.3. Кооперативтің атауы _____________________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.4. Кооперативтің орналасқан жері ___________________________
____________________________________________________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.5. Кооперативтің қызмет ету мерзімі ________________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
                                           (өтініште көрсетіледі)
      Кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілерде тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
      Мемлекеттік лицензиялау қолданылатын қызметті кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады.

2. Кооперативтің заңдық мәртебесі

      2.1. Кооператив мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
      2.2. Кооперативтің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкілері болады.
      2.3. Кооператив өздерінің жеке еңбегімен қатысуына және кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруге негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтар мүшелігінің негізінде құрылған.
      2.4. Кооперативтің өз атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
      2.5. Кооператив Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
      2.6. Кооператив еркін негізде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге құқылы.

3. Қызметінің мақсаты мен түрлері

      3.1. Кооператив қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
      3.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін кооператив заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        (өтініште көрсетіледі)

4. Кооперативтің мүлкі

      4.1. Кооперативтің жарғылық капиталы бар болған жағдайда _____
____________________________________________________ теңгені құрайды.
               (өтініште көрсетіледі)
       Ескерту. 4.1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.23 N 1230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4.2. Кооперативтің мүлкін қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
      кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;
      кооперативтің қызметінен алынған кірістер;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер.
      4.3. Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді. Пай кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
      Кооператив мүшелерінің мүліктегі үлестері пайыз түрінде есептеледі.
      4.4. Кооператив таратылған немесе одан кооператив мүшесі шыққан жағдайда соңғысының кооператив мүлкіндегі өз үлесін өз пайына барабар мөлшерде бөліп алуға құқығы бар.
      4.5. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын қалыптастырады және олар оны құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды жабуға арналған.
      4.6. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, зияткерлік меншік нәтижелеріне және өзге мүлікке құқық кооперативке мүліктік жарна бола алады.
      4.7. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары _______________
____________________________________________________________________
                        (өтініште көрсетіледі)
      4.8. Кооперативтің әрбір мүшесі пайының мөлшері туралы мәліметтер: ________________________________________________________
                        (өтініште көрсетіледі)
      4.9. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарнасының құрамы, оны енгізу тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері: __________________________
                                           (өтініште кәрсетіледі)
      4.10. Жалпы жиналыстың шешімі бойынша қосымша мүліктік жарналар енгізу көзделуі мүмкін.
      4.11. Кооперативтің әрбір мүшесіне оның кіру мүліктік жарнасының түрі мен мөлшерін куәландыратын құжат беріледі.
      4.12. Мүлікті кооператив мүшесі кооперативке өзінің жарнасы ретінде тек пайдалануға берген жағдайда жарнаның мөлшері кооператив мүшелерінің келісімімен белгіленген кезеңге есептелген осы мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысына сүйене отырып айқындалады.

5. Кооперативке мүшелік

      5.1. Кооператив мүшелері кемінде екі адам болуға тиіс.
      5.2. 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ниет білдірген және оның қызметіне өз еңбегімен қатысуға қабілеті бар кез келген жеке адам кооператив мүшесі бола алады.
      Кәмелетке толмағандар кооперативке мүшелікке өткен кезде олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі талап етіледі.
      5.3. Кооператив мүшесі төрағаға шығуынан кемінде екі апта бұрын бұл туралы жазбаша ескерте отырып, өз қалауынша одан шығуға құқылы.
      5.4. Кооператив мүшесі жалпы жиналыстың шешімі бойынша одан:
      жарғымен өзіне жүктелген міндеттерді жүйелі түрде орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда;
      осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты шығарылуы мүмкін.
      5.5. Кооперативке мүшелік:
      кооператив мүшесі қайтыс болғанда, оны қайтыс болды деп хабарлағанда, ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған;
      кооператив мүшесі өз пайын белгіленген тәртіппен басқа адамға берген;
      кредит беруші (кредит берушілер) кооператив мүшесінің пайын өндіріп алуды өтінген жағдайларда тоқтатылады.
      5.6. Кооператив мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері кооперативке мүшелікке қабылдана алады. Мұрагерлер кооперативке мүшелікке өтуден бас тартқан жағдайда оларға қайтыс болған кооператив мүшесінің мүліктегі үлесі қайтыс болған мүшенің пайына барабар мөлшерде төленеді.
      5.7. Кооператив мүшесі өз пайын кооперативтің басқа мүшесіне сатуға немесе өзге де жолмен беруге құқылы. Пайды үшінші тұлғаларға беруге кооперативтің қалған мүшелері келісім бергенде ғана жол беріледі.

6. Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

      6.1. Кооператив мүшесінің:
      1) кооператив істерін басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына бір дауыс құқығымен қатысуға;
      2) кооперативтің басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
      3) кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттамаларымен танысуға;
      4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;
      5) кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті таза табыстан үлесін алуға;
      6) кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы нысанында немесе кооператив белгілеген өзге де нысанда ақы алуға;
      7) кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірінші кезекте алуға, кооператив мүлкін тұтынуға, кооперативтен әлеуметтік көмек алуға қатысты бөлігінде пайдалануға;
      8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;
      9) әлеуметтік қамсыздандыруға;
      10) белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға құқығы бар.
      6.2. Кооператив мүшесінің заңнамада көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
      6.3. Кооперативтің мүшесі:
      1) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
      2) жалпы жиналыстың, кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;
      3) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарналар енгізуге;
      4) кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуды жүзеге асыруға;
      5) кооператив міндеттемелері бойынша "Өндірістік кооператив туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген мөлшерде және тәртіппен қосымша (субсидиялық) жауапты болуға;
      6) өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;
      7) кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді таратпауға міндетті.
      6.4. Кооператив мүшесінің заңнамада көзделген басқа да міндеттері болуы мүмкін.

7. Кооператив мүшесінің пайынан айып өндіріп алу

      7.1. Кооператив мүшесінің пайын оның жеке борыштары бойынша айып өндіріп алуға оның мұндай борыштарын өтеу үшін басқа мүлкі жетіспеген жағдайда ғана жол беріледі.
      7.2. Пайынан айып өндіріп алынған кезде кооператив өзінің борышкер мүшесінің пайына сәйкес кооператив мүлкіндегі үлесін бөліп береді. Үлестің мөлшері кредит берушінің талабы келіп түскен күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталады.
      Үлес ақшалай немесе заттай нысанда бөлінеді.

8. Кооперативтің басқару және бақылау органдары

      8.1. Кооперативтің жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
      Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
      1) кооперативтің жарғысын өзгерту;
      2) кооператив қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
      3) атқарушы, тексеру органдарын және байқаушы кеңесін құру және олардың мүшелерін кері шақырту;
      4) кооперативтің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу;
      5) кооперативтің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, кооперативтің лауазымды адамдарына, оның мүшелеріне және қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау мен өзгерту;
      6) кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін құру, шаруашылық серіктестіктерді құру және оларға қатысушы ретінде кіру;
      7) қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселені шешу;
      8) кооперативтің мүшелігіне қабылдау және одан шығару;
      9) кооперативтің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның пайдасы мен залалын бөлу;
      10) кооперативті қайта ұйымдастыру мен тарату туралы мәселені шешу;
      11) тексеру комиссиясының есебін бекіту;
      12) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдау.
      Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне кіретін мәселелер кооперативтің атқарушы органдарының шешуіне берілмейді.
      8.2. Жалпы жиналыс кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін.
      Кезекті жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгілейтін мерзімдерде, бірақ кезекті қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей өткізіледі.
      Кооператив мүшелерінің кезекті жалпы жиналысы:
      1) кооперативтің жылдық есебін және бухгалтерлік теңгерімін, оның пайдасы мен залалын бөлуді бекітеді;
      2) тексеру комиссиясының есебін бекітеді;
      3) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдайды;
      4) қарау үшін ұсынылған кооператив қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.
      Жалпы жиналыс оған кооператив мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының жартысынан астамы қатысқанда заңды болып саналады.
      8.3. Жалпы жиналыс шешім қабылдаған кезде кооперативтің әрбір мүшесінің өз пайының мөлшеріне қарамастан бір дауысы болады.
      Кооперативті шаруашылық серіктестік етіп қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру бірауыздан қабылданған шешімнің негізінде жүргізіледі.
      Шығару туралы мәселесі қаралып отырған кооператив мүшесі дауыс беруге қатыспайды.

9. Кооперативтің атқарушы органы

      9.1. Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы болып табылады.
      9.2. Кооператив басқармасын басқарма мүшелерінің арасынан жалпы жиналыс сайлайтын басқарма төрағасы басқарады.
      9.3. Кооператив басқармасының мүшелері (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында кооператив мүшелерінің арасынан ________________ мерзімге (өтініште көрсетіледі) сайланады.
      Кооператив басқармасы (төрағасы) кооперативтің қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және мұндай қызметке байланысты, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаған барлық мәселелерді шешеді.
      Кооператив басқармасы (төрағасы) жалпы жиналыстың алдында есеп береді.
      Басқарма (төраға):
      кооперативтің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      заңнамада көзделген шекте кооперативтің мүлкіне билік етеді;
      кооперативтің атынан, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;
      банктерде және басқа да кредиттік ұйымдарда кооперативтің шоттарын ашады;
      жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
      өз құзыретінің шегінде кооперативтің мүшелері мен жалдамалы қызметкерлері орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
      9.4. Төрағаның орынбасары жалпы жиналыста тағайындалады және ол төраға болмаған кезде және төраға өз міндеттерін дәлелді себептермен орындауға мүмкіндігі болмаған кезде оның функцияларын атқарады, сондай-ақ жалпы жиналыс пен төрағаның тапсырмаларын орындайды.

10. Тексеру комиссиясы

      10.1. Кооператив тексеру комиссиясын құруға құқылы, ол кооперативтің атқарушы органдарының қаржылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Кооператив мүшелері ғана тексеру комиссиясына мүше бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелері кооперативтің атқарушы органының мүшелері бола алмайды.
      10.2. Тексеру комиссиясының мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында құрамы _____ адам болып, _____ жыл мерзімге сайланады.
____________________________________________________________________
                       (өтініште көрсетіледі)
      Тексеру комиссиясының құзыретіне басқарманың қаржылық қызметін тексеру, бухгалтерлік құжаттарды және қаржылық есептілікті тексеру кіреді.
      10.3. Тексеру комиссиясы:
      а) жалпы жиналыстың тапсырмасы бойынша;
      б) өз бастамашылығымен;
      в) кооператив мүшелерінің кемінде 10 пайызының талап етуі бойынша тексеру жүргізеді.
      10.4. Кооператив өндірістік кооперативтің жылдық қаржылық есептілігінің, сондай-ақ оның ісінің ағымдағы жай-күйінің дұрыстығын тексеру және растау үшін, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерімен немесе кооператив мүшелерімен мүліктік мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторлық ұйымды өзінің жарғысында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тартуға құқылы.
      Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өндірістік кооперативтер үшін жылдық қаржылық есептілікке аудитті міндетті түрде жүргізу заңнамалық актілерде белгіленуі мүмкін.
      Өндірістік кооперативтің қаржылық қызметіне аудит байқаушы кеңестің, тексеру комиссиясының (тексерушінің), сондай-ақ кооператив мүшелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша жүргізілуі мүмкін. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргізуді талап еткен кооператив мүшелері аудиторлық ұйымның қызметіне ақы төлейді.
      Егер өндірістік кооперативтің атқарушы органы кооперативтің қаржылық есептілігіне аудит жүргізуден жалтарса, ал аудит міндетті болса не оны жүргізуді өндірістік кооперативтің мүшесі талап етсе, аудит мүдделі адамның не өндірістік кооператив мүшесінің өтініші бойынша қабылданған сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.

11. Кооператив мүшелерінің оның қызметіне еңбекпен қатысуы

      11.1. Кооперативтің әрбір мүшесі кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуға тиіс.
      11.2. Кооператив мүшесінің жеке еңбекпен қатысуының сипаты мен тәртібін жалпы жиналыс белгілейді және жалпы жиналыстың хаттамасымен ресімделеді.
      11.3. Кооператив мүшесі кооперативтің қызметіне жеке еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін.

12. Кооператив пен оның мүшелері, атқарушы орган мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар

      12.1.__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (өтініште көрсетіледі)

13. Кооперативтің таза табысы мен залалын бөлу тәртібі

      13.1. Кооперативтің табыстары бір жылғы қорытынды бойынша айқындалады. Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табыс кооперативтің толық билігінде қалады және өндірісті дамытуға, шикізат пен материалдарды сатып алуға, жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалады.
      13.2. Табыстың бір бөлігі жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооператив мүшелерінің арасында олардың еңбекпен қатысуына сәйкес бөлінеді.
      13.3. Кооперативтің залалы оның мүлкінің есебінен өтеледі.
      13.4. Кооператив мүлкі жетпеген жағдайда кооператив мүшелері оның міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауапты болады.
      Мүшенің қосымша (субсидиялық) жауапкершілігінің шекті мөлшері кооператив мүшесі пайының құнының мөлшері болып табылады. Кооператив мүшелерінің арасында жауапкершілікті бөлу олардың пайларының мөлшеріне барабар жүргізіледі.

14. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату

      14.1. Кооператив оның мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
      14.2. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      Кооператив директоры                              Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
N 852 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 1382 қаулысы ;
      2. "Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгілік жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 928 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 33, 301-құжат);
      3. "Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 6, 82-құжат);
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 632-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады