2014 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғарыштық
бағдарламалар орталығының бастығы Руслан Нұрымғалиұлы Әміргереев
Келісімді іске асырудың практикалық мәселелерін қарау жөніндегі уәкілетті өкіл болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов