"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 562 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік ормандардың мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және ормандарды молықтыру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын, оның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып бақылау, бағалау және болжау жүйесiн білдіреді.».
      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23 143-құжат):
      60-баптық 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерiне тұрақты бақылау жүйесін, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты, оның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жинауды, өңдеуді және беруді, жүзеге асырылып жатқан су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау бойынша ұсынымдар әзiрлеуді білдіреді.
      3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган бірлесіп әзірленген әдістеме бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бiрлесiп жүзеге асырады.».
      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; №23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      1) 137-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйін, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып бақылаудың кешенді жүйесі.»;
      2) 143-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенiнiң мониторингi – жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын «Байқоңыр» кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшыраған аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесi.»;
      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ғарыштық мониторинг – ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асыратын ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесi.
      9. Осы баптың 2, 4, 6, 7-тармақтарында көрсетілген мониторингтің арнайы түрлерiн ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.».
      4. «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97- құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      1) 5-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын, оның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;»;
      2) 6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды, оның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүзеге асыруға;».
      5. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тығыздығы мен дәлдiгi мемлекеттiк топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететiн, барлық кластағы мемлекеттiк астрономиялық-геодезиялық, спутниктік геодезиялық және нивелирлiк желiлердi, iргелi және бiрiншi класты гравиметриялық желiнi жасауды, дамытуды, зерттеудi, қалпына келтiрудi және техникалық пайдалануды қамтамасыз етуді;».
      6. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      120-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс үдерістер зардаптарын бағалау, алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін, соның ішінде ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланумен бақылау жүйесі болып табылады.».
      7. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      1) 1-бапта:
      9), 15), 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
      «15) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын оның қозғалыс жылдамдығы мен сағат түзетулерінен тұратын кеңістік координаттарын айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;»;
      «17) ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау мен өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 25-1), 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-1) ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық түзетулер) нәтижесінде алынған материалдар;
      17-2) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану – конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстау мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;».
      «25-1) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – заңды және жеке тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету негізінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен аппараттық-бағдарламалық құралдар жүйесі;
      25-2) кеңістіктік деректер – орналасқан жері мен өзіне неғұрлым тән қасиеттерінің сипаттамасын қамтитын объектілер туралы деректер жиынтығы;»;
      2) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау;»;
      3) 8-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындайды;»;
      4) 9-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға шығындар нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау үшін заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады;»;
      5) 16-баптың 3, 4-тармақтары алып тасталсын;
      8) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      «3-1-тарау. Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары
      19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
      1. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
      2. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) байланыс, оның ішінде ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсетеді;
      3) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық ғарыш аппараттары транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ғарыш аппараттарының қамту аймақтарын кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      19-2-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы
      1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
      2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) ғарыштық түсірілімдерді жоспарлайды және ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ұсыну бойынша қызмет көрсетеді;
      3) ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау және спутниктік навигация деректері негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құрады және дамытады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
      1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
      2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметтерін көрсетеді;
      3) Жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.»;
      8) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын;
      «3. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ғарыш аппараттарының өндірісі кезінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ғарыш техникасы өндірісінің құралдары өндірістік мүмкіндіктері шегінде пайдаланылады.».
      8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23, 143-құжат; № 1, 2-құжат):
      12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «45-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою әрі олардың салдарын бағалау үшін ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады