"Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 569 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы № 776 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 569 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1999 жылғы 16 маусымдағы
№ 776 қаулысына    
қосымша       

Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді ұйымдастыру және пайдалану басқармасының басшысы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті директорының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
      Атырау облысы әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады