Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.14. N 643 қаулысымен .
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының аумағындағы сынақ полигондарына орналасқан әскери бөлімдерін қысқарту және әкету жөніндегі жүргізіліп жатқан ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты мүлікті қабылдап алу жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бiрлескен комиссияның қазақстандық бөлiгі (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.14 N 643 қаулысымен.
2. Комиссия белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алуды қамтамасыз етсін және оны одан әрі пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 16 маусымдағы
№ 776 қаулысына
қосымша
Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигондарының құрамынан шығарылатын мүлікті қабылдап алу жөнінде бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 569 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді ұйымдастыру және пайдалану басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасары