"2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 632 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 3-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту  2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 27 253 999 мың теңге мөлшеріндегі сома:»;
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2 452 200 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерін аудару үшін:»;
      2) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға – 1 983 250 мың теңге;»;
      2) көрсетілген қаулыға 32-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 632 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 11-желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына     
32-қосымша       

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға берілетін нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

Р/с №

Облыстардың атауы

Сомасы, мың теңге

оның ішінде

жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде

қызметтік тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға

жастарға арналған жатақхана салуға, сатып алуға, құрылысын аяқтауға

Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға

1

2

3

4

5

6

7


Барлығы:

2 452 200

64 000

160 016

244 934

1 983 250

1.

Ақмола облысы

2 047 250

64 000



1 983 250

2.

Шығыс Қазақстан облысы

160 016


160 016



3.

Солтүстік Қазақстан облысы

244 934



244 934


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады