Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік
жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5
шілдедегі № 648 және "Бірінші басшыларын Қазақстан
Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына
өзгерістер енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;»;
2) «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев