"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1090 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 650 қаулысы

«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1090 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 650 қаулысына баспасөз парағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 136-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту бойынша құзыретін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құзыретіне тапсыру көзделген.
      Осылай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығымен Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 маусымдағы № 11382 тіркелген) бекітілді.
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық бөліктері, егер олар жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күші жойылды деп танылады.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2015 жылғы 20 тамызда «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1090 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.
      Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз