Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер
туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20
қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер, атаулы күндер туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер, атаулы күндер тiзбесi бекітілсiн.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер, атаулы күндер тiзбесi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Басқа мемлекеттердің аумағында әскери борышын өтеген қазақстандықтарға құрмет көрсету күні – 15 ақпан»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі»;
«2-2. Чернобыль АЭС-індегі аварияның, басқа да техногендік және экологиялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қазақстандықтарға құрмет көрсету күні – 26 сәуір».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев