"БТА Банк" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 681 қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - Қор) акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен Қор мен «БТА Банк» акционерлік қоғамының арасында жасалған 2015 жылғы 2 маусымдағы № 490-И сатып алу-сату шартында айқындалған талаптармен, мөлшерде және бағамен «БТА Банк» акционерлік қоғамының жай акцияларын иеліктен шығаруды жүргізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады