"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 697 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға
олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114; 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1,9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат, № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 54-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жарияланғанда тоқтатылады.» деген сөздер «жарияланғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен тоқтатылады.»;
      2) 67-бапта:
      6-тармақта:
      бірінші, екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 2)–6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар табыс етеді.
      Осы декларация:
      1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстарды (дара кәсіпкерлердің табысын қоспағанда);
      2) салық шегерімдерін;
      3) жеке табыс салығы сомасының есептелуін;
      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарын, сондай-ақ осындай шоттардағы ақшаны;
      5) меншік құқығындағы мынадай мүлікті:
      шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлікті;
      эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды;
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін декларациялауға арналған.»;
      төртінші бөлікте:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай шоттардағы ақша туралы;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мүлік жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
      3) 180-2-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.»;
      4) 185-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жеке тұлғалар табыс етеді.» деген сөздер «жеке тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) меншік құқығында:
      шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлкі;
      эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар табыс етеді.»;
      5) 221-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны өткізген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.»;
      6) 557-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы баптың 3-тармағының нормалары салық органдары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа қолданылмайды.».
      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат, 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу және жария ету»;
      2) 48-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру.»;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген ақша және өзге мүлiк жатады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Тәркілеуге:
      1) қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік;
      2) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынса, тәркіленуге жатпайды.
      Осы баптың бесінші бөлігінің екінші тармағының ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлікке және ақшаға қолданылмайды.»;
      3) 223-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу және жария ету»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлікті жария ету рәсімін жүргізумен байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап қалу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау –
      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының, ұйымдар қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындауы кезінде алған ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалған операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты олардың заңсыз жария етуі немесе өзге де заңсыз пайдалануы, –
      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      4) 361-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
      1) қылмыстық топтың мүддесіне орай;
      2) мүлікті жария етуді жүргізу процесінде алынған ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер, –
      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) 362-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етумен байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер, –»;
      6) 365-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
      «4) мүлікті жария етуді жүргізу процесінде алынған ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер, –»;
      7) 467-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      үшінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 51-бапты қоспағанда, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6,40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12,48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24,126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73,75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 8, 49-құжат).
      Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мүлікті тәркілеу сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктің барлығын немесе оның бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алып қою.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны және ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) не тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыстар үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік тәркіленуге жатады.
      Осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.
      Террористік қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдалану үшін пайдаланылған не соған арналған мүлік те тәркіленуге жатады.
      2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін мүлікті тәркілеу белгіленеді және осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
      3. Сотталған адамға немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленуге жатпайды.
      Ескерту. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақша және өзге де мүлік, егер олар осы Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынса тәркіленуге жатпайды.
      Бұл ретте, осы бапқа ескертудің ережелері 2014 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қолданылмайды, сондай-ақ жария етуге жатпаған жария етілген мүлік пен ақшаға қолданылмайды.».
      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
      187-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында), 215 (екiншi бөлігінің 3) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364 - 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.».
      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 275-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру»;
      2) 275-бапта:
      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктеріндегі банк шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу жолымен жасыруы, -
      екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау, –
      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
      2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі әрбір банк шоты бойынша әкімшілік жауапкершілік жеке-жеке туындайды.
      3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес адамның жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпеуі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі банк шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8,52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      50-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның, оның ішінде кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы, жария ету субъектілерінің ақшаны жария ету үшін ашылған осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама Бас прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциясымен анықтау және алдын ала тергеу органдарына, мемлекеттік кірістер органдарына беріледі.».
      6. «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат; № 21, 122-құжат):
      1) 1-бапта:
      бірінші бөлікте:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын.
      «5) тиесілі емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) мүлікті жария ету туралы декларация (бұдан әрі – арнайы декларация) – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште ұсынатын декларациясы.»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органына:
      1) келу тәртібімен;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатымен почта арқылы ұсынуға құқылы.
      Арнайы декларацияны беру тәсіліне қарай:
      1) келу тәртібімен – мемлекеттік кірістер органы арнайы декларацияны алған күн;
      2) почта бойынша – мемлекеттік кірістер органының почталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кірістер органына ұсыну күні болып табылады.
      Арнайы декларацияның нысанын, оның ішінде онда көрсетілуге жататын мәліметтерді, оны толтыру тәртібін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуге басшылық ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.
      Бұл ретте, жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны табыс ету тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      Мемлекеттік кірістер органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған деп есептеледі.»;
      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге заңды күшіне енген, орындалмаған:
      1) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң осы тармақшада көрсетілген баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда олар кінәлі деп танылған соттың үкімі;
      2) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы бар тұлғаларға қолданылмайды.»;
      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржы-қаражат құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.»;
      4) 4, 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Мүлікті жария ету мерзімі
      Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
      Өзге де мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және жария ету мерзімі өткенге дейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталады.
      5-бап. Осы Заңмен ұсынылатын кепілдіктер.
      1. Жария ету субъектілері:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алумен (сатып алу көздерін қалыптастырумен), пайдаланумен не билік етумен байланысты болса, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптары бойынша қылмыстық жауапкершіліктен;
      2) егер бұл әрекеттер жария етілген мүлікті сатып алумен (сатып алу көздерін қалыптастырумен), пайдаланумен не билік етумен байланысты болса, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптары бойынша көзделген әкімшілік жауапкершіліктен;
      3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мәлiметтердi, оның ішінде жұбайы (зайыбы) ұсынбағаны немесе толық, дұрыс ұсынбағаны үшін тәртiптiк жауапкершіліктен босатылады.
      2. Мүлікті жария ету фактісінің, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында табыс етілетін құжаттарда бар мәліметтердің сотқа дейінгі тергеуді бастау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу, жария ету субъектісіне және (немесе) басқа тұлғаға, жұбайына (зайыбына) қатысты тәртіптік іс жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.
      3. Мүлікті жария ету фактісінің, сондай-ақ осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында табыс етілетін құжаттарда бар мәліметтердің қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс шеңберінде және (немесе) егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда жария ету субъектісінің кінәлі екендігін тәртіптік теріс қылықта дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.
      4. Жария ету субъектісі құжаттардың көшірмесін және (немесе) оларды дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қоса тіркеу үшін мүлікті жария ету фактісімен байланысты мәліметтерді табыс етуге құқылы. Осы дәлелдемелерді қоса тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
      5. Мүлікті жария етуді жүргізу мақсатында табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып танылады. Мұндай мәліметтер мен құжаттардың сақталуын және оларға қолжетімділік режимін тек мүлікті жария етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар ғана қамтамасыз етеді. Өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар мұндай мәліметтерге және құжаттарға рұқсат алуға құқылы емес. Мұндай мәліметтер мен құжаттарды жария ету субъектісінің өзінің сұрау салуы бойынша не Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жағдайларда ғана талап етілуі мүмкін.
      6. Арнайы декларациялардағы мәліметтердің құпиялылығына осы Заңда көзделген кепілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы декларациялар мен құжаттардың және (немесе) арнайы декларацияға қоса берілетін мәліметтердің орталықтандырылған сақталуын жүзеге асырады.
      7. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметшілері, оның ішінде мүлікті жария ету рәсімін өткізумен байланысты ақпараттар, сондай-ақ мәліметтер алған және (немесе) белгілі болған комиссия мүшелері мұндай мәліметтер мен ақпараттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген органдар мен ұйымдарда жұмыс істеу кезеңіндегі сияқты, өзі жұмыстан босатылғаннан кейін де таратуға құқылы емес.
      Жария ету рәсімін өткізу шеңберінде алынған мәліметтерді жоғалту, не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
      8. Мүлікті жария еткен жария ету субъектісіне қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіптік теріс қылықтар бойынша қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс және тәртіптік іс қозғалуы мүмкін емес, ал қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу және тәртіптік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады.
      9. Осы Заңда көзделген кепілдіктер тек жария етілген мүліктің шегінде ғана ұсынылады және жария ету субъектісі және (немесе) басқа тұлға 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін жасаған әрекеттерге қолданылады.»;
      5) 6-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда ақшаны;»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алым:
      1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен жария етілетін ақша сомасының;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.»;
      3. Мынадай:
      1) мемлекеттік кірістер органдарының арнайы декларацияны қабылдаудан бас тартуы;
      2) жария еткені үшін алымды төлеу бойынша міндеттемелердің болмауы жағдайларын қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.
      Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.»;
      6) 7, 8, 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі жалпы ережелер
      1. Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
      1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге арналған өтінішті (бұдан әрі - өтініш);
      2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;
      3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыс жайларды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.
      3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген бір жылжымайтын мүлікке қайтадан өтініш беруге құқығы жоқ.
      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар себептері көрсетіле отырып, мынадай:
      1) осы Заңда белгіленген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшіріп тазарту мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
      Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептерді жойған кезде,осы Заңда белгіленген Қазақстан Республикасының аумағындағы, оған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі қайтадан өтініш беруге құқылы.
      5. Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүлікті тізілімге енгізу тәртібін және нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      7. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған кезде, комиссия осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде:
      1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады;
      2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді жария ету субъектісіне береді;
      3) мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне енгізеді.
      8. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, оны жария етуден бас тартуды комиссия шешім қабылдау жолымен жүзеге асырады.
      9. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік комиссия жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілген болып саналады.
      10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жария етілген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ресімдейді.
      11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік жөнінде ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес төлейді.
      12. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісі туралы ақпаратты комиссия жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынады.
      8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған филиалдарын (бұдан әрі – екiншi деңгейдегi банктер) қоспағанда, Ұлттық почта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банк шотын (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашады.
      2. Ақша мынадай тәртіппен:
      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде, Ұлттық почта операторында ашылған ағымдағы шотына салу (аудару) жолымен жария етуге жатады.
      Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды;
      2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық почта операторында ағымдағы шотына ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну жолымен жария етуге жатады.
      Бұл ретте алым мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны табыс еткенге дейін төлеуге жатады.
      3. Жария етілетін ақшаны Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің ағымдағы шотына енгізген (аударған) кезде Ұлттық почта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.
      4. Ағымдағы шотына ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органы қабылдаған күннен бастап, ақша жария етілген болып саналады.
      5. Жария ету субъектілері өз қалауы бойынша ағымдағы шоттағы жария етілген ақшаларға, оның ішінде:
      1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;
      2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге активтерге инвестициялау жолымен билік етуге құқылы.
      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Ақшаны жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
      9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету
      1. Жария ету субъектінің,Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:
      1) осы Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;
      2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып,тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны табыс ету шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар 2016 жылғы
31 желтоқсанға дейін орындалуға жатады.
      Бұл ретте, төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуы тиіс.
      2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жария ету субъектісінің не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) қоса беріледі.
      Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі тиісті орган немесе меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;
      3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін,арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
      Арнайы декларацияға қоса берілген құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде ресімделген болуы немесе нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы тиіс.
      3. Осы бапта көрсетілген мүлік тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілген болып саналады.
      4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Мүлікті жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жария ету субъектілері дербес көтереді.
      10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген  Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету
      1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектілері басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну арқылы жүргізіледі.
      3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жария ететiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі;
      3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергенi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалынған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) жария ету субъектісінің қалауымен қоса берілген,арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
      4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілген болып саналады.
      6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жария ету субъектілері дербес көтереді.»;
      7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау
      1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілетін ақшаны, жария еткен мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражаттарды қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің табысына, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен табыстарға (бұдан әрі – жария ету субъектісінің табысы) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісіне мүлікті жария ету кезінде қолданылады.
      2. Осы Заңның мақсатында салық рақымшылығы депосы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда - жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезең ішінде алған табысы жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.
      3. Салықтық рақымшылық етуге жататын жеке табыс салығының мөлшері:
      1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнынан;
      2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің, Ұлттық почта операторының анықтамасында көрсетілген ақша сомасынан;
      3) оны жария еткенге дейін мүлікті пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған табыстың мөлшерінен он пайыз мөлшерінде айқындалады.
      4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатуға жатады.
      5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
      Салық рақымшылығын жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.»;
      8) 11, 13, 14-баптар алып тасталсын;
      9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      «14-1-бап. Мүлікті репатриациялау
      Осы Заңда көзделген кепілдіктерді беру:
      1) егер тиісті мүлік оны жария еткен күні ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;
      2) салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық шарт жоқ мемлекетте (аумақта) тұрған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті қайтару фактісіне байланысты болмайды.»;
      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершілік
      1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің осы Заңда белгіленген талаптарды және кепілдіктерді бұзуы, олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілігіне әкеп соғады.
      2. Жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мүлікті және (немесе) табысты жария ету қорытындыларының күшін жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.»;
      11) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
      «17-1-бап. Арнайы ережелер
      Осы Заңның ережелері, қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерді, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілердің ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының міндеттемелерін ешқандай да алып тастауды ешбір түрде көздемейді, қозғамайды және шектемейді.»;
      12) жоғарыда аталған Заңға 2-қосымша осы Заңға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2-бап. Осы Заңның ақшаны жария етуді, оның ішінде мүлікті жария еткені үшін алымның төленуін реттейтін ережелері мүлікті жария ету субъектілерінің осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жария еткен ақшасына қолданылады деп белгіленсін.
      Осы Заңның ережелері бойынша жария ету субъектісінде мүлікті жария ету субъектісінің осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жария еткен ақшасы бойынша мүлікті жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме туындамайтын болса, онда мүлікті жария ету субъектілері мүлікті жария еткені үшін бұдан бұрын бюджетке төлеген алымның сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының қайтаруына жатады.
      3-бап. Осы Заң:
      1) осы Заңның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 1-тармағының 3), 5) тармақшаларын;
      2) осы Заңның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларын, 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға
ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария
етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2015 жылғы « » №                
Қазақстан Республикасының Заңына         
қосымша                    

«Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға және Қазақстан Республикасында
тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың
мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық
жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Заңына
2-қосымша          

Жария ету үшін ағымдағы банк шотына ақша
енгізілгенін/аударылғанын растау туралы
анықтама

      Анықтама берілген күн 20___жылғы «___»_________

      Банк/Ұлттық почта операторы  _________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (банктің/Ұлттық почта операторының толық атауы)

      Жария ету субъектісі _________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат (№, кім және қашан
                   берген), тұрғылықты жері, ЖСН)

      20____ жылғы «___»_____________ағымдағы банк шотына
____________________________________________________________________
            (цифрлармен және толық жазылады, валютаның түрі)

сомасында ақша енгізгенін/аударғанын куәландырады.

      Т.А.Ә./Қолы __________________________________________________
             (Банктің/Ұлттық почта операторының уәкілетті адамы)
      Мөр бедері (болған жағдайда)__________________________________
                                  (Банк/Ұлттық почта операторы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады