Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 21 шілдедегі № 337-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар, № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат):
      29-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақшаның екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi:
      шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуына жергілікті атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбек көшіп келушісіне ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
      дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының шетелдік қызметкерлеріне қолданылмайды.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 3-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
      1) 39-1-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөліктегі «бiлiм беру ұйымдарының» деген сөздер «бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «бiлiм беру ұйымдары» деген сөздерден кейін «мен олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 67-баптың 12-1-тармағының екінші бөлігіндегі «білім беру ұйымының басшысы» деген сөздер «білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 253-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер»;
      2) 135-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жылдық жиынтық кірісінде алған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістер, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:»;
      3) 156-баптың 1-тармағында:
      42) тармақшада:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:»;
      үшінші абзацтағы «оқытылатын тұлғаның тұруына» деген сөздер «тұруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын:
      «43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:
      мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;
      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;
      мынадай:
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары;
      келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны).
      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:
      дайындық бөлімінде;
      мынадай білім беру деңгейлері бойынша:
      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
      негізгі мектеп;
      жоғары мектеп;
      күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:
      орта білімнен кейінгі білім беру;
      жоғары білім беру;
      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;
      44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;
      45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:
      медициналық сақтандыруға;
      осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»;
      4) 192-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) бейрезидент заңды тұлғаның:
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
      осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері;
      4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2)3)4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.»;
      5) 193-баптың 5-тармағының 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
      6) 198-бапта:
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай кіріс түрлері:»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісіне осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер қосылмайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.»;
      7) 209-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы;»;
      2) тармақшаның бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К);»;
      8) 231-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметті;»;
      9) 237-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;
      10) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      «18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.»;
      11) 253-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер
      1. Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.
      2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі қосылған құн салығынан босатылады.»;
      12) 257-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды;»;
      13) 260-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.».
      4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат):
      1) 1-баптың 37-1) және 57-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – «Өркен» гранты) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;»;
      «57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;»;
      2) 26-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Конкурстық негізде «Өркен» гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.»;
      3) 37-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.»;
      4) 39-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, олардың ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.»;
      6) 44-баптың 9-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.»;
      7) 47-баптың 6-1-тармағындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 57-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметіне лицензияның қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия негізінде жүзеге асыруға құқылы.».
      5. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) дербес білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі осы Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым;
      2) Зияткерлік мектептер ұйымдары – Зияткерлік мектептер құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Зияткерлік мектептерге тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары;
      3) «Назарбаев Университеті» білім беру гранты – осы Заңда белгіленген шарттарда тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы;
      4) «Назарбаев Университеті» стипендиясы – «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы;
      5) сабақтан тыс қызмет – тізбесі тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілетін іс-шаралар түрінде жүзеге асырылатын, Университеттің, Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың білім алушыларды жан-жақты дамытуға және олардың жеке қабілеттерін іске асыруға бағытталған қызметі;
      6) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру, технологиялар трансферті, жобаларды коммерцияландыру, жаңа немесе жетілдірілген технологиялар мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасау және енгізу шеңберіндегі кооперацияның жоғары дәрежесі есебінен бір-бірінің бәсекелестік артықшылықтарын өзара толықтыратын және күшейтетін, Университет аумағында орналасқан ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерінің және олармен өзара байланысты өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің бірлестігі;
      7) Университет ұйымдары – Университет құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Университетке тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары.»;
      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Білім беру қызметін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызметті» деген сөздер «білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:
      1) орта білімнен кейінгі білім беру;
      2) жоғары білім беру;
      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласында жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
      2) негізгі мектеп;
      3) жоғары мектеп.»;
      4) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Дербес білім беру ұйымының:
      1) нысаналы салым қаражатын өзінің жоғары басқару органының немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының тапсырмасына сәйкес қайта бөлуге;
      2) күрделі салымдарға бағытталатын шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған нысаналы салым қаражатын жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымының ұйымдары және (немесе) шығыстардың бағыттары арасында оларды дамытуға қайта бөлуге құқығы бар.
      Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.
      2-2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі Университет меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.»;
      5) 6-баптың 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.»;
      6) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Университетті және Зияткерлік мектептерді, олардың ұйымдарын аккредиттеуді тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен айқындалған аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы жүзеге асырады.»;
      7) 9-бапта:
      тақырып, 123 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері
      1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін дербес әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. Университет бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді. Университет тәрбие жұмысын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес дербес айқындайды.
      3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын дербес бекітеді.
      4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар дербес бекітеді.»;
      6-тармақ «Университет» деген сөзден кейін «, оның ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 10-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «өз бетінше» деген сөздер «дербес» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Зияткерлік мектептер бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.
      Зияткерлік мектептер тәрбие жұмысын Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зияткерлік мектептер:
      1) оқуға қабылдау;
      2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;
      3) эксперименттік қызмет;
      4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;
      5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;
      6) білім беру мониторингі және білім беру сапасын бағалау;
      7) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
      8) педагог қызметкерлерді аттестаттау және оны өткізудің мерзімділігі қағидаларын дербес бекітеді.
      Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқару Зияткерлік мектептер дербес айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      9) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Университет пен Зияткерлік мектептерде білім беру процесін грантпен және стипендиямен қамтамасыз ету
      1. Университетте білім алу «Назарбаев Университеті» білім беру гранты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының халықаралық білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.
      «Назарбаев Университеті» білім беру гранты Университетке оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдіктерге берілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының халықаралық білім беру грантын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол осы тармақтың екінші бөлігінде көзделмеген жағдайларда, Университетке оқуға қабылданған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға берілуі мүмкін.
      2. «Назарбаев Университеті» білім беру гранты қаражатының есебінен Университетте оқуға құқығы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жыл сайын айқындайды. Университет қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
      3. Университет білім алушыларға «Назарбаев Университеті» білім беру грантын беруді Университеттің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес дербес жүргізеді.
      4. Университет «Назарбаев Университеті» білім беру грантының қаражатын басқаруды беру, айыру немесе білім алушылар арасында қайта бөлу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, дербес жүзеге асырады.
      5. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнын қалыптастыру кезінде Университеттің оқу процесін ұйымдастырумен байланысты шығыстар ескеріледі. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың бағыттарын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
      «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
      «Назарбаев Университеті» білім беру грантының мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган Университеттің өтінімі негізінде қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің
      – Елбасының «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      7. Университет және Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен білім алушыларға өзге де білім беру гранттарын, стипендиялар мен төлемдерді тағайындауға құқылы. Өзге де білім беру гранттарының, стипендиялар мен төлемдердің мөлшерін және оларды беру тәртібін Университет және Зияткерлік мектептер дербес айқындайды.
      12-2-бап. Инновациялық кластер
      1. Инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері:
      1) Университет;
      2) Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары;
      3) ғылым жөніндегі орталық офис;
      4) коммерцияландыру офисі;
      5) тәжірибелік-эксперименттік цех;
      6) келісімшарттық зерттеулер орталығы;
      7) бизнес-инкубатор;
      8) ғылыми парк;
      9) технологиялық парк болып табылады.
      2. Инновациялық кластерге қатысушыларға мынадай санаттардың бірі беріледі:
      1) инноватор;
      2) инновациялық компания;
      3) жоғары технологиялық компания;
      4) зерттеу орталығы.
      3. «Инноватор» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
      1) өтінім беруші жеке тұлға болып табылады;
      2) өтінім беруші ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады және коммерцияландыру офисінің, тәжірибелік-эксперименттік цехтың базасындағы ғылыми зерттеулердің, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алынған нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
      3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
      4. «Инновациялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
      1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
      2) өтінім беруші бизнес-инкубатордың, технологиялық парктің, ғылыми парктің, келісімшарттық зерттеулер орталығының базасындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
      3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
      5. «Жоғары технологиялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
      1) өтінім беруші заңды тұлға болып табылады;
      2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өнімді өндіруге бағытталады.
      6. «Зерттеу орталығы» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
      1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
      2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және ғылыми-зерттеу қызметін және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асырады.
      7. Инновациялық кластерге қатысушыны іріктеу, оған мәртебе беру және одан айыру қағидаларын, сондай-ақ инновациялық кластер қызметінің тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
      8. Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.
      Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға ұсынатын қолдау шараларына:
      1) инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды және гранттық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;
      2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
      3) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
      4) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру;
      5) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;
      6) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдығына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорларына рұқсат беру;
      7) Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары жатады.».
      6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      1) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның 119-1, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
      «119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз береді.»;
      3) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.»;
      4) 203-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.».
      2-бап. Осы Заң:
      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 4)5)6) және 7) тармақшаларын;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын;
      3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацын;
      4) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1)8)9)10) тармақшаларын11) тармақшасының бірінші, екінші және төртінші абзацтарын, 12) және  13) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады