Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет
заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 3-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; № 20-21, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
18-тарау мынадай мазмұндағы 94-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған
кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін
республикалық бюджеттен қайтару»;
2) 3-баптың 1 тармағында:
мынадай мазмұндағы 14-1), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) бюджеттік бағдарламалардың атқарылмауы – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне, пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің, бюджеттік кредиттердің, республикалық бюджеттің нысаналы емес мақсатта пайдаланылған қаражатының қайтарылуына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың пайдаланылмауына байланысты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеуі;
15) бюджеттік бағдарламалардың бюджет қаражаттарының игерілмеуі – осы Кодекстің 33-бабының 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан артық сома;»;
30), 61) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;»;
«61) нәтижелер көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
«62-1) нысаналы индикатор – стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының стратегиялық мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;»;
62-1) тармақшада «62-1)» деген сандар «62-2» деген сандармен ауыстырылсын;
62-2) тармақшада «62-2)» деген сандар «62-3» деген сандармен ауыстырылсын;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;»;
3) 4-баптың 3), 6), 12) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;»;
«6) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында, аумақты дамыту бағдарламаларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
«12) тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;»;
«14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында, аумақты дамыту бағдарламаларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтарының, құрылымына республикалық немесе жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша тікелей құзыреті болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.»;
5) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) арнайы резерв;»;
6) 20-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Кезекті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің құрамында арнайы резерв қалыптастырылады. Арнайы резерв Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын шығындарға пайдаланылады.»;
7) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт болып табылады.»;
8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Бюджеттік бағдарламалар
1. Стратегиялық жоспар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы тиісті аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысқан жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері мен жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.
3. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттер аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерi бекітеді.
4. Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісім бойынша қайта бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсанына бiр реттен жиі емес тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.
5. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша біртекті мемлекеттік функциялары, өкілеттіктері мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттары бойынша топталуы тиіс.
6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бюджеттік кіші бағдарлама бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде тікелей нәтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.
7. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
8. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарлама басшысы - бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды тұлғасы бекітіледі.
Бюджеттік бағдарлама басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 33-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру шығындары, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері қаражатты осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.»;
10) 39-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.»;
11) 39-2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштері тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.»;
12) 41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бәсекелестікті қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органның қорытындылары ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
13) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, өткен қаржы жылында пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жыл басындағы бюджет қаражаты қалдықтарының және осы трансферттерді бөлген, жоғары тұрған бюджетке төменгі тұрған бюджеттен қайтарылған сомалар, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»;
14) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;»;
15) 58-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық, жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
16) 59-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және бекітеді.»;
17) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бюджеттік бағдарламалар;»;
18) 62, 63-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары
1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.
2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдармен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.
4. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген;
2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
6. Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.
Меморандум Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.
Түйінді нысаналы индикаторлар әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын негізгі индикаторларды білдіреді.
Мемлекеттік органның меморандумына бірінші басшы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.
Меморандум кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған кезден бастап бір ай мерзімде бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының меморандумдарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
63-бап. Операциялық жоспар
Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
Операциялық жоспар дегеніміз ресурстар, стратегиялық жоспардың мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша ресурстары, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын, сондай-ақ мемлекеттік органның ережелерінде белгіленген өзге де міндеттерді қамтитын құжат.
Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойған күннен бастап он күн мерзімде бекітеді.»;
19) 67-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба:
1) алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
2) орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасын;
3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
5) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
6) бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтиды.»;
20) 68-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мақсаттарға қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан;
2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.»;
2-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;»;
3-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
21) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе оларды бекіту туралы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізеді.»;
22) 71-баптың 3-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«арнайы резерв бөле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің мөлшері;»;
23) 74-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық бюджет жобасында көзделген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мыналарды:
алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
24) 75-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
25) 77-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының отырыстарында қарау жоспарланған стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын қамтиды.»;
26) 78-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылау жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының баяндамасын қамтиды.»;
27) 85-бапта:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.»;
9, 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.
9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама), ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 9-3, 9-4-тармақтармен толықтырылсын:
«9-3. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіпппен:
1) ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері және жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз ағымдағы қаржы жылына арналған инвестициялық жобаға шығыстар көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік кіші бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде;
4) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қарыздары, гранттары, нысаналы трансферттері есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджет комиссиясының қарауынсыз ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясының міндетті қарауымен ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде қайта бөлуге құқылы.
9-4. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша ай сайынғы шығыстар көлемін өзгерту бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асыралады.»;
28) мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын:
«94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару
1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін жоспарланғаннан артық күтілетін кірістер түсімдерінен асып түсу шегінде республикалық бюджетке қайтарып алуды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
29) 97-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Квазимемлекеттік сектордың пайдаланылмаған қаражаты есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған квазимемлекеттік сектордың бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтары болып табылады.»;
30) 104-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарына және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңі бойынша сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;»;
мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражат бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтару;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кепілдік берілген трансферт бөлігін қайтару.»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
31) 110-бапта:
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, он пайыздан астам сомаға секвестрлеу - заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Секвестр өткізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»;
32) 113-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
33) 126-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.»;
34) 127-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат қамтылады;»;
35) 128-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
36) 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат қамтылады;»;
37) 130-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
38) 131-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат қамтылады;»;
39) 132-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамасын тыңдайды.»;
40) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.»;
41) 134-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.»;
42) 136-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда жүргізіледі.»;
43) 138-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуін, мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау.»;
44) 139-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) камералдық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау органы бақылау объектісіне бармай, ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ объектілердің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде жүргізілетін бақылау.»;
45) 140-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«хабарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін жіберетін, барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті құжат;»;
46) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-3), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады;»;
«14-1) ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын Үлгілік тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлейді және бекітеді;»;
47) 151-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.»;
13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асатын болса, онда бюджеттік инвестициялар құнының ұлғаюы ағымдағы қаржы жылында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
48) 169-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланысты гранттарды пайдалану оны байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.»;
49) 193-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеделдетілген оңалту рәсімін қолданғанда немесе қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізгенде, қарыз алушының бюджеттік кредитін қайта құрылымдауға оңалту жоспарына сәйкес бір реттен көп емес рұқсат етіледі.»;
50) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) екінші деңгейдегі банктердің қаржыландыруы көзделген жобаларды іске асыруға ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.»;
51) 220-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлеу шығындары және қызмет көрсетуі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекітеді.».
2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат):
29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен бюджет қаражаты шегінде жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті