Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар
өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат: № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 434-1-баппен толықтырылсын:
«434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық,
ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда
мінез-құлық қағидаларын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда мінез-құлық қағидаларын:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі не азаматтарға және ұйымдарға материалдық залал келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып өту;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу уақытында әлеуметтік, ұлттық, діни немесе нәсілдік араздықты насихаттайтын, сол сияқты азаматтардың және осы іс-шараларға қатысушылардың құқықтарына қысым жасайтын плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрнекі заттарды пайдалану түрінде бұзуы -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза шаралары қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 685-бапта:
1) бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496, 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
3) екінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша - ішкі істер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдарының қалалық, аудандық бөлімшелерінің бастықтары;».
2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І,19-ІІ, 96-құжат, 2015 ж., № 10, 48-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар - халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбиеле беруге, олардың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарда өткізілетін, бір мезгілде екі жүз және одан көп көрерменнің болуын көздейтін іс-шаралар;
6-2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бейімделген объектілер мен құрылысжайлар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы арналмаған өзге де орындар (стадиондар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
6-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
6-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралары өткізілетін уақыт - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орынға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап олар аяқталғанға және осы орыннан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;»;
2) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді
ұйымдастыру тәртібі
1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Спорттық, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдарының және мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар бұл іс-шараларды дайындауға және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
4. Азаматтар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылысжайларды пайдалану қағидалары мен өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, оның ішінде мінбенің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбе астындағы үй-жайларда жануы қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарықтандырудың және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулығы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларының, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігі шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар жөніндегі органдар енгізетін ұсыныс бойынша дербес не ішкі істер органдарының бастамасы бойынша қауіпсіздік шарттарының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) азаматтардың қауіпсіздігі үшін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде сондағы мүліктің сақталуына жағдай жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақ бұзылған жағдайда, оның абаттандырылуын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
3) жергілікті атқарушы органдарға іс-шара өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын сатылған билеттердің, берілген рұқсатнамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсатнамалардың саны, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау жөніндегі органдардың арнайы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындары туралы хабарлауға міндетті.»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен
міндеттері
1. Жеке тұлғалар ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі символикаларды және жеке пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқылы.
2. Жеке тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;
3) қазақ халқының және этникалық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды және мәдениет саласындағы өзге де іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға;
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға арандатын әрекеттерге жол бермеуге, қоршаған ортаға қауіп төндіретін құқыққа қарсы акциялар өткізбеуге міндетті.
3. Жеке тұлғаларға:
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға пиротехникалық құралдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіруі мүмкін өзге де заттарды әкелуге;
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде сахнаға, аренаға, төсеніштерге, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды лақтыруға;
3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоршаулар мен оқшаулаудың, турникеттердің шегінен тыс өз бетімен шығуға;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әлеуметтік, ұлттық, діни немесе нәсілдік араздықты насихаттайтын, сол сияқты азаматтар мен қатысушылардың құқықтарына қысым жасайтын плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрнекі заттарды пайдалануға тыйым салынады.».
3. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат, 2015 ж., № 10, 48-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-1), 44-2), 44-3) және 44-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«44-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар - бір мезгілде екі жүз және одан көп көрерменнің болуын көздейтін, спорттық құрылысжайлар мен объектілерде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық орындарда өткізілетін, адамның физикалық және зияткерлік қабілетін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар;
44-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындар спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін бейімделген объектілер мен құрылысжайлар, сондай-ақ арнайы осы мақсаттарға арналмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
44-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
44-4) спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу уақыты - спорттық іс шаралар өткізілетін орынға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап олар аяқталғанға және осы орыннан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы
құқықтары мен міндеттері
1. Жеке тұлғалардың:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
3) мемлекеттік және жеке спорттық құрылысжайлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
4) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртүрлі символикаларды және жеке пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға;
2) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, қоршаған ортаға қауіп төндіретін құқыққа қарсы акциялар өткізбеуге міндетті.
3. Жеке тұлғаларға:
1) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарына пиротехникалық құралдарды және қолданылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіруі мүмкін өзге де заттарды әкелуге;
2) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде мінберлерге, футбол, хоккей және өзге де спорт алаңдарына адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды лақтыруға;
3) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоршаулар мен оқшаулаудың, турникеттердің шегінен тыс өз бетімен шығуға;
4) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әлеуметтік, ұлттық, діни немесе нәсілдік араздықты насихаттайтын, сол сияқты азаматтар мен қатысушылардың құқықтарына қысым жасайтын плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрнекі заттарды пайдалануға тыйым салынады.»;
3) 38-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу қағидалары»;
мынадай мазмұндағы 11, 12, 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
«11.Спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға іс-шара өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он күн қалғанда көрермендердің болжалды саны, күнтізбелік бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсатнамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсатнамалардың саны, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы хабарлауға міндетті.
12. Спорттық, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдарының және мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы, уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
13. Спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар осындай іс-шараларды дайындауға және өткізуге жұмылдырылған мекемелердің қызметін үйлестіретін ұйымдастыру комитеттерін құрады.
14. Спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) азаматтардың қауіпсіздігі үшін спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде сондағы мүліктің сақталуына жағдай жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
2) спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарымен шекаралас аумақ бұзылған жағдайда, оның абаттандырылуын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге міндетті.»;
3) 39-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорттық құрылысжайларды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарының бұзылуы, оның ішінде мінберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жануы қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарықтандырудың және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғаныс құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларының, спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігі шарттарының бұзылуы анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы органдар енгізетін ұсыным бойынша дербес не ішкі істер органдарының бастамасы бойынша қауіпсіздік шарттарының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.»;
7-тармақ алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті