Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне «Укрытие» Чернобыль қоры бойынша Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 1000000 (бір миллион) евроға баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты мына арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Bank name: |
HSBC BANK PLC; |
SWIFT code: |
MIDLGB22; |
Bank address: |
8 Canada Square, 13 E04 01, London, E14 5HQ, United Kingdom; |
Account name: |
EBRD- Chernobyl Shelter Fund; |
Account no: |
40051573106405; |
ABA: |
GB46MIDL40051573106405; |
Currency: |
EUR; |
EBRD address: |
One Exchange Square, London, EC2A 2JN, |
Invoice Reference: |
FFC-2015-06-14 |
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов