"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 799 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандары:

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 15 және 16-нысандармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 799 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі

Р/с №

Есептіліктің атауы

Орналастыру кезеңділігі

Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган

1

2

3

4

1.

Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

2.

Қаржылық орнықтылық көрсеткіштері (7-нысан)

жылына 1 рет 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап 80 күнтізбелік күн өткеннен кейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан)

тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ,Қаржымині, БП,

МҚСЖҚА

4.

Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

5.

20___ж. "___" _______ жағдай бойынша инвестициялық жобалар бойынша инвестициялардың игерілуі және олардың қуаты туралы ақпарат (10-нысан)

тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай

ПӘ, ПМК, ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

6.

Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде

ПӘ, ПМК, ИДМ

7.

Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі 20___ж. "___" _______ есеп (12-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

8.

Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі 20___ж. "___" _______ есеп (13-нысан)

ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

ПӘ, ПМК, ҰЭМ,

Қаржымині

9.

Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ИДМ

10.

Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ПӘ, ПМК, ҰЭМ, Қаржымині

11.

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп

даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде

ПӘ, ПМК,

ҰЭМ, Қаржымині

12.

20___ж. "___" _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы (15-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ҰЭМ, Қаржымині

13.

20___ж. "___" _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат (16-нысан)

жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 30 сәуірге дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша)

ҰЭМ, Қаржымині


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      МҚСЖҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      Қор – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 799 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген

      15-нысан

20___ж. "___" _______ жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне кіретін барлық ұйымдар көрсетілген Қор тобының корпоративтік құрылымы

Р/с №

БСН

ҰҚН

Деңгейлер және ұйым атауы

Негізгі компанияның атауы

Иелену үлесі




1-деңгей



1.



Қор






2-деңгей



1.






2.








n-деңгей



1.






2.





Барлық деңгейлер бойынша ұйымдардың жалпы саны



      16-нысан

20___ж. "___" _______ жағдай бойынша Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялар туралы ақпарат

Р/с №

Компания атауы

БСН*

ҰҚН **

Негізгі компанияның атауы

Иелену үлесі

1.

1-деңгей





2.

2-деңгей





3.

n-деңгей





Қор құрылымына кіретін, шоғырлануға жатпайтын, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың жалпы саны



      * компанияда БСН болған жағдайда толтырылады

      ** "ҰҚН" тобына қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялар, қаржылық инвестициялар, басқа ұйымдардағы қауымдасқан және бірлескен-бақылаушы компаниялардың иелену үлестері кіреді, сондай-ақ осы бағанда Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компанияларды атап өту қажет

      Қор құрылымына кіретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын компаниялардың саны туралы туралы жиынтық ақпарат:

      Бірінші деңгейдегі компаниялар саны ___

      Екінші деңгейдегі компаниялар саны ___

      n деңгейдегі компаниялар саны ___

      Қор тобы бойынша барлық компаниялар ___

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады