Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 820 қаулысы

      2004 жылғы 15 қыркүйекте Астанада жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады