Непал Федеративтік Демократиялық Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Непал Федеративтік Демократиялық Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 200000 (екі жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты мына арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Account Name :Prime Minister`s Disaster Relief Fund,
Address :Corporate Office -, EBL House,
Lazimpat, P.O.Box 13384, Kathmandu, Nepal
Bank :Everest Bank Ltd.,
Baneshwor, Kathmandu, Nepal
Account No. :00101102200012
Swift Code :EVBLNPKA
Mediator Bank :Standard Chartered Bank, New York, USA
Swift code of
Mediator Bank/BIC :SCBL US 33
Account No :3582-059378-001
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов