"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 843 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң
кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014
жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және «Қазақстан
Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
25-тармағының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеңестiң негізгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi – Қор) пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қор қызметi және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелерiн талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерiн тартуға;».
      2. Мына:
      1) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады