"Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 847 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 2015 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 4973500000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – «GAZPROM Schweiz AG»  арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы мынадай бағалар бойынша белгіленсін:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары, ал 2015 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде – 1000 текше метрі үшін 4100 ресей рублі.».
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады