Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 201 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 4973500000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – «GAZPROM Schweiz AG»  арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы мынадай бағалар бойынша белгіленсін:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 85 АҚШ доллары, ал 2015 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде – 1000 текше метрі үшін 4100 ресей рублі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 847 (01.10.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады