2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге атқару хаттамасына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 864 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге атқару хаттамасының жобасы мақұлдансын.
      2. 2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге атқару хаттамасына қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 864 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2002 жылғы 7 қазандағы Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi
      Келісімнің 7-бабының ережелерін іске асыру мақсатында
      кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару кезінде Тараптар көтерген шығыстарды өтеуге байланысты мәселелерді неғұрлым толық реттеуге жалпы ұмтылыс білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Атқару хаттамасы кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтаруға байланысты шығыстарды өтеу кезінде Тараптар арасындағы өзара есеп айырысу тәртібін айқындайды.

2-бап

      Келісімнің 7-бабын іске асыруға байланысты Тараптар арасындағы өзара есеп айырысу АҚШ долларымен жүргізіледі.

3-бап

      1. Кәмелетке толмаған тұрақты тұратын мемлекеттің Тарапы тікелей кәмелетке толмағанды қайтару кезінде Тараптардың өкілдері қол қойған кәмелетке толмағанды қайтару туралы құжаттардың және есептік қаржылық құжаттардың негізінде кәмелетке толмағанды оның тұрақты тұратын мемлекетіне қайтару барысында шығыстарды кәмелетке толмаған болған мемлекеттің Тарапына өтейді.
      2. Кәмелетке толмағанды оның тұрақты тұратын мемлекетіне қайтару барысында шығыстарды көтерген кәмелетке толмаған болған мемлекет Тарапының құзыретті органы кәмелетке толмағанды тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарған кезінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде кәмелетке толмаған тұрақты тұратын мемлекет Тарапының құзыретті органына мынадай есептік қаржылық құжаттарды:
      а) кәмелетке толмағанның болған мемлекетінің мамандандырылған мекемелерінде болу фактісін растайтын құжаттарды;
      б) тұрақты тұратын мемлекетке жол жүру кезінде кәмелетке толмағанның жол жүру құжаттарының көшірмелерін;
      в) қайтар жолды қоса алғанда, кәмелетке толмағанды тұрақты тұратын мемлекетіне ертіп апаруды жүзеге асыратын құзыретті адамдардың жол жүру құжаттарының көшірмелерін;
      г) кәмелетке толмағанды ертіп апаруды жүзеге асыратын адамдардың кәмелетке толмағанның тұрақты тұратын мемлекетінің аумағында қонақ үйде (пәтерде) немесе өзге де тұрғын үй-жайда тұру фактісін растайтын құжаттардың және төлемнің (фискалдық чектің бар-жоғы) көшірмелерін;
      д) кәмелетке толмаған болған мемлекетінің заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес кәмелетке толмағанды ертіп апаруды асыратын құзыретті адамдарға тәуліктік төлемге арналған шығыстар туралы анықтаманы жолдайды.
      Жол жүру құжатында осы баптың «б» және «в» тармақтарында көрсетілген жол жүру құны туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жүзеге асырылған жол жүру кезеңінде ұдайы тасымалдауды орындайтын көлік ұйымы (оның уәкілетті агенті) жол жүру құжатын (билетін) сатып алған күніне көліктің таңдалған түріне берген тасымалдау құны туралы анықтама да жолданады.
      3. Тұруға арналған (оның ішінде броньдауға арналған шығындар) және тәуліктік шығыстар кәмелетке толмағанды қайтаруға байланысты шығыстарды көтерген ол болған мемлекеттің заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес нақты шығындар көлемінде өтеледі.
      4. Кәмелетке толмағанды ертіп апаруды жүзеге асыратын адамдардың кәмелетке толмағанның тұрақты тұратын мемлекетінің ішінде жол жүруін және медициналық сақтандыруын төлеуге арналған шығыстар іс жүзіндегі шығындар мөлшерінде өтеледі.
      5. Кәмелетке толмаған болған мемлекет Тарапының құзыретті органы есептік қаржылық құжаттармен бірге ақшалай қаражат аудару үшін банктік деректемелерді қамтитын шот ашады, сондай-ақ қайтарылуға жататын соманың есебін ұсынады.
      6. Есеп-қисапта әрбір жолда шығыстардың атауы, жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттардың атауы мен деректемелері, әрбір жол бойынша олар жүргізілген валютадағы шығыстар сомасы, соманы АҚШ долларымен қайта есептегеннен кейін алынған АҚШ долларына қайта есептеу бағамы қамтылады. Әрбір жол бойынша АҚШ долларымен алынған сома жинақталуға және «Жиыны» деген жазбамен көрсетілуге тиіс.
      7. АҚШ долларына қайта есептеу шығыстар жүргізілген күнгі ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ресми бағамдарын белгілеуге және жариялауға уәкілетті ұлттық орган бекіткен бағам бойынша шығыстар жүргізілген валютада жүзеге асырылады.
      8. Кәмелетке толмағандарды қайтаруға байланысты Тараптардың шығыстарын ішкі қаржыландырудың, ақшалай қаражатты аудару үшін шот ашу мен оның жұмыс істеу тәртібі және шарттары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады. 

4-бап

      Кәмелетке толмағанның тұрақты тұратын мемлекеті Тарапының құзыретті органы есептiк қаржылық құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асырады.

5-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына тиісті хаттамамен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Атқару хаттамасын қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.

7-бап

      Осы Атқару хаттамасы оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін Атқару хаттамасы депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Осы Атқару хаттамасы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

8-бап

      Осы Атқару хаттамасы күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы Келісімге кез келген қатысушы мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
      Қосылатын мемлекет үшін Атқару хаттамасы қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      __________________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады, ол осы Атқару хаттамасына қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түрікменстан
Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының 
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін      

Украина
Үкіметі үшін

Молдова Республикасының
Үкіметі үшін



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады