Армения Республикасының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 872 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Армения Республикасының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге Армения Республикасының 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылуы туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 01.07.2017 № 411 қаулысымен

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 қазандағы
№ 872 қаулысымен
мақұлданған

      Жоба

Армения Республикасының 2014 жылғы 15 тамыздағы
Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және
өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының
бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар
жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылуы туралы
хаттама

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері

      2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,

      төмендегiлер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттама арқылы Армения Республикасы 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің күшіне енген күнінен бұрын емес күннен бастап күшіне енеді.

      2015 жылғы "____"________ _________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады. Ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетке жібереді.

Армения

Беларусь

Қазақстан

Республикасының

Республикасының

Республикасының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

Қырғыз

Ресей

Республикасының

Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады