Шығыс Қазақстан облысына 2012 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 875 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 008 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына берілген бюджеттік кредит 3000000000 (үш миллиард) теңге сомасындағы негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде мынадай тәртіппен:
      1) 2015 жылға 1869318000 (бір миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион үш жүз он сегіз мың) теңге сомасында;
      2) 2017 жылға 200774000 (екі жүз миллион жеті жүз жетпіс төрт мың) теңге сомасында;
      3) 2018 жылға 414000000 (төрт жүз он төрт миллион) теңге сомасында;
      4) 2019 жылға 515908000 (бес жүз он бес миллион тоғыз жүз сегіз мың) теңге сомасында қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады