2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсетілген Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов