Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру үшін жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 880 қаулысы

      2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсетілген Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады