Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 883 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 5 қарашадағы
№ 883 қаулысымен   
мақұлданған    

Жоба        

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтеусіз негізде
техникалық көмек көрсету туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
      2002 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы терроризмге, сепаратизмге және экстремизге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiмнің 5-бабын іске асыру мақсатында
      Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңнамасы шеңберінде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, сондай-ақ осымен байланысты қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл саласындағы өзара мүдделілікке сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қытай тарапы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін жарақтандыруда техникалық көмек ретінде жалпы сомасы 22498087.61 (жиырма екі миллион төрт жүз тоқсан сегіз мың сексен жеті қытай юані және алпыс бір фэнь) болатын тауарды өтеусіз негізде Қазақстан тарапының меншігіне береді, оның тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге қосымшада көрсетілген.

2-бап

      Қытай тарапы тауарды Қазақстан Республикасының Астана қаласына жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері арасында тиісті актіге қол қойылып, оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.
      Тауарды Астана қаласына дейін жеткізумен байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал тауарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдаумен байланысты одан кейінгі шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.

3-бап

      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына техникалық көмек ретінде өтеусіз негізде әкелінетін тауарға кедендік төлемдер мен қосымша құн салықтарын төлеуден босатады.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:
      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі болып табылады.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешеді.

7-бап

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап өзінің қолданысын тоқтады.
      20___ жылғы ___ ______ ______ қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және қытай тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының    Қытай Халық Республикасының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі   
мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрлігіне өтеусіз   
негізде техникалық көмек көрсету   
туралы келісімге            
қосымша                 

Қытай Халық Республикасын Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі
Қазақстан Республикасын Ішкі істер министрлігіне техникалық
көмек ретінде өтеусіз негізде беретін тауардың тізбесі

Р/с №

Тауардың толық атауы

Саны

Моделі

Бірлігі үшін бағасы, валюта

Жалпы құны, валюта

1

2

3

4

5

6

1.

Тобырға деморализациялау әсерін тигізетін құралдар

2 дана

POWER-HEX

182043.805 юань

364087.61 юань

2.

Тексеріп қарайтын жиектемелі металл детектор

50 дана

TS1208

17500.000 юань

875000.00 юань

3.

Тексеріп қарайтын қол металл детекторы

100 дана

TS92

1310.000 юань

131000.00 юань

4.

Рентген-телевизиялық қондырғы

10 дана

SMS-6550

186600.000 юань

1886000.00 юань

5.

Тепловизор

20 дана

Ti100

48700.000 юань

974000.00 юань

6.

Жылжымалы арнайы қауіпсіздік кедергілері

8000 метр

ZLZB-G218

1305.000 юань

10440000.00 юань

7.

Алып жүретін транкингтік цифрлық радиостанция

1000 дана

T8000

5330.000 юань

5330000.00 юань

8.

Электрошок құрылғысы

1000 дана

JD60D

1200.000 юань

1200000.00 юань

9.

Электромобильдер

20 дана

G6T02AR

65900.00 юань

1318000.00 юань

Жалпы құны

22498 087.61
юань


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады