Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары»;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда машина жасау өнімін өндіру көлемі 0,5 %-ға азайды. Бұл ретте жеңіл автомобильдер шығарудың 0,8 %-ға, теміржол жүк вагондары – 5,2 %-ға, жолаушы вагондары – 55 %-ға, дизельді локомотивтер – 44 %-ға азайғаны байқалады.
Бұдан басқа, отандық машина жасау өнімін өндірушілерге ішкі тұтынушылық сұраныстың төмендеуі мен шығарудың өзіндік құнының өсуінен басқа негізгі сауда әріптестермен байқалатын валюталық сәйкессіздіктер нәтижесінде бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі теріс әсер етуде. 2014 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығында отандық өндірушілердің шығару көлемінің азаюы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Қазақстан Республикасына жеңіл автомобильдер импорты алдыңғы жылдың осындай кезеңіндегі деңгейге қатысты 0,4 %-ға артқан. Бұл ретте Ресей Федерациясынан автомобильдер импорты 2014 жылы 7,9 %-ға, Өзбекстан Республикасынан – 58 %, Беларусь Республикасынан – 4,4 есеге артты.»;
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында (бұдан әрі – Жоспар) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ) еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамымен бірлесіп, лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы мынадай үш бағыт бойынша қаржыландыруды ұсынуы арқылы 2015 – 2016 жылдары орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ОІКС) қолдауға бағытталған шаралар кешені айқындалады:
1) бірінші бағыт: отандық автоөндірушілерді қолдау;
2) екінші бағыт: жолаушы вагондарының өндірісін қолдау;
3) үшінші бағыт: экспорттаушыларды қолдау.»;
«Жалпы ережелер» деген бөлімде:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражатынан 2015 – 2016 жылдары отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдау үшін ОІКС жалпы қаржыландыру көлемі 100 миллиард теңгені құрайды.
Осы мақсаттар үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) облигациялар айналымының басталу күнінен бастап 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100 миллиард теңге сомасына (2015 жылы 85 миллиард теңге және 2016 жылы 15 миллиард теңге) облигациялар шығару арқылы Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Облигациялық қарыздарды өтеу мерзімі – эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналым мерзімінің соңында.
Қаражат алғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жоғарыда аталған үш бағыт бойынша шараларды іске асыру үшін мынадай негізгі шарттарда қарыз шартын жасасу арқылы «ҚДБ» АҚ-ға 2015 жылы 85 миллиард теңге және 2016 жылы 15 миллиард теңге көлемінде қарыз қаражатын береді:
1) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15%;
2) қарыз мерзімі – 20 жылға дейін;
3) негізгі қарызды төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналым мерзімінің соңында;
4) қарыз бойынша сыйақыны төлеу – жылына 2 рет;
5) қарыздың нысаналы мақсаты – отандық автоөндірушілер, жолаушы вагондарын өндірушілер үшін лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы қаржыландыруды ұсыну; экспорттық және экспорт алдындағы кредит беру;
6) қарыз көлемі – 100 миллиард теңге, оның ішінде 2015 жылы: отандық автоөндірушілерді қолдауға – 30 миллиард теңге, жолаушы вагондарының өндірісін қолдауға – 5 млрд. теңге және экспорттаушыларды қолдауға – 50 миллиард теңге; 2016 жылы экспорттаушыларды қолдауға – 15 миллиард теңге.
«ҚДБ» АҚ Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттан төлемдер жасау үшін ҚР ҰБ-да жеке банктік шот ашады.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «ҚДБ» АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шотында жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын орналастырады.
«ҚДБ» АҚ осы Жоспарда айқындалған шарттарда үш бағыт бойынша ОІКС-ті қаржыландыруды ұсынады.»;
«Қаржыландыру тетіктері мен шарттары» деген бөлімде:
«1. Отандық автоөндірушілерді қолдау» деген тарауда:
«Екінші деңгейдегі банктер арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру» деген кіші бөлімде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржыландырудың жалпы лимиті – кемінде 23 миллиард теңге.
2. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) отандық автоөндірушілердің тізбесін және олардағы лимиттер сомаларын, сондай-ақ ЕДБ тізбесін және ЕДБ-дегі лимиттер сомаларын мақұлдайды.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ЕДБ-нің кредит қаражатын игеру мерзімі – қарыз сомасын ұлғайту туралы ҚДБ мен ЕДБ арасындағы банктік қарыз шартын/банктік қарыз шартына қосымша келісім жасасу күнінен бастап 18 айға дейін;»;
«Отандық өндірістің автомобильдерін сатып алушыларды – түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеңіл автокөліктің 1 бірлігінің құны – 9000000 теңгеден аспайды;»;
«5) бастапқы жарна (бар болса) – автокөлік құнының 20 %-ынан аспайды;»;
«ЕДБ-ге қойылатын талаптар» деген кіші бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген «В-»-дан төмен емес кредиттік рейтингтің болуы.»;
«ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу» деген кіші бөлімде:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«КДБ» АҚ ЕДБ ұсынған деректердің мынадай шарттарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді: автомобильдің 1 (бір) бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі, бастапқы жарнаның (бар болса) мөлшері және ескертулер болмаған жағдайда, ҚР ҰБ-ға тиісті хат жібереді.»;
«Отандық автомобильдер өндірісін қолдау шеңберіндегі лизингтік қаржыландыру» деген кіші бөлімде:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қарыз сомасы – 7 миллиард теңгеден аспайды;»;
«2. «Еурокоптер» тікұшақтарының өндірісін қолдау» деген тарау алып тасталсын;
«4. Отандық экспорттаушыларды қолдау» деген тарауда:
«Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру» деген кіші бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы топ – өңдеу өнеркәсібі саласында Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын отандық тауарлардың экспортын және өнімдер импортын жүзеге асыратын ОІКС (оның ішінде резидент емес). Қаржыландырудың жалпы сомасы – 2015 жылы 50 миллиард теңге және 2016 жылы 15 миллиард теңге.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов