Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
институтын құру туралы
Қазақстан Республикасында Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасында өз қызметін қоғамдық бастамада жүзеге асыратын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын.
2. Уәкілдің негізгі мақсаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайларда қалпына келтiру болып табылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев