2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 933 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 933 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба

2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша хаттама

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі – Меморандум) және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында Меморандумға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiседi.
      Америка Құрама Штаттарының Үкіметі 2014 жылғы 27 қыркүйектегі Қосымша хаттамамен түзетулер енгізілген Меморандумда сипатталған жобалар шеңберінде 593000 (бес жүз тоқсан үш мың) АҚШ доллары сомасында қосымша қаржы қаражатын бөледі.
      Тараптар қосымша қаржы қаражатының 2014 жылғы 27 қыркүйектегі Қосымша хаттамамен түзетулер енгізілген Меморандумда сипатталған шарттар мен ережелерге сәйкес, берілетін қаржы қаражаты сомасын көрсету үшін Меморандумға одан әрі қосымша өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз, осы мақсаттарға берілетініне келіседі.
      Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметін осы жобаларды қолдау мақсатында қосымша қаржы қаражатының қашан ұсынылатыны туралы хабардар етеді.
      Жобалардың сипаттамасы мен мақсаттары 2014 жылғы 27 қыркүйектегі Қосымша хаттамада ұсынылған күйінде қалады. Барлық өзге міндеттемелер, шарттар, ережелер, жетістік көрсеткіштері, үлгілік ережелер және талаптар өзгеріссіз күшінде қалады.
      2015 жылғы «____»___________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.

      Қазақстан Республикасының           Америка Құрама Штаттарының
           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

      _____________________             _______________
      Қалмұханбет Қасымов               Джордж Крол
      Ішкі істер министрі               Елші

Жобалар бойынша қаржыландыруды бөлу

Жобаның атауы

Жалпы сомасы

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес

$ 120000

Шекара қауіпсіздігі

$ 120000

Адам саудасына қарсы іс-қимыл

$ 120000

Есірткіге сұранысты азайту

$ 113000

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл

$ 120000

Барлық жобалар бойынша жиынтығы

$ 593000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады