"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 956 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14,  95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      14-6-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Мыналар:
      1) тіркеу, өндірістік сынақтар жүргізу үшін мәлімделген пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;
      2) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға  патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін пестицидтерді (улы химикаттарды) тiркеу және өндірістік сынақтар жүргiзу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің (улы химикаттардың) болмауы тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркелмеген үлгілерін әкелуге дәлелді бас тарту үшін негіз болып табылады.».
      2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Геодезиялық пункттердің тығыздығы, қолданыстағы геодезиялық желілерді дамыту және жаңарту перспективалары болмаған кезде уәкілетті орган геодезиялық пункттерді бұзудан немесе қайта салудан (орнын ауыстырудан) бас тартуға міндетті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді;».
      3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар, № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің), ішкі суларының және континенттік қайраңының шегінде орналасқан болса, кәсіпшілікті жүргізетін қазақстандық кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің рұқсат беруден бас тартуы үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы негіз болып табылады.».
      4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;»;
      2) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Сұрау салудың келіп түскен күнінен бастап орындалу мерзімі:
      көрсету мерзімі 5 күнтізбелік (жұмыс) күнге дейінгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін – 1 күнтізбелік (жұмыс) күн;
      көрсету мерзімі 5-тен 15 күнтізбелік (жұмыс) күнге дейінгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін – 3 күнтізбелік (жұмыс) күн;
      көрсету мерзімі 15-тен 30 күнтізбелік (жұмыс) күнге дейінгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін – 10 күнтізбелік (жұмыс) күн;
      көрсету мерзімі 30 күнтізбелік (жұмыс) күннен асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін – 15 күнтізбелік (жұмыс) күн;»;
      3) 13-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қолданысқа енгізілген немесе оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.»;
      4) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді.»;
      5) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және/немесе қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
      6) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы
      Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін  қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің біліктілік талаптарына және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің, тексерудің теріс қорытындысы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуын талап ететін жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот үкімінің қолданысы;
      5) заңды күшіне енген сот үкімі негізінде қызмет көрсетуді алушы белгілі бір құқықтан айырылған немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты белгілі бір құқығы шектелген қызмет көрсетуді алушыға қатысты іс-қимыл;
      6) уәкілетті мемлекеттік органның консультациялық-кеңесші органның ұсынымдары негізінде, сондай-ақ конкурс емтихан, тестілеу) нәтижелері бойынша шешімдер қабылдауы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.».
      5. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
      41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады