Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінiң (объектiлері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ
орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 23-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес өткізілетін сынақтарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Полигон қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарын хабардар өткеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес № 1 учаскенің 3-7 координаттық нүктелерінің ішінде орналасқан Кіші Богдо тауының ауданындағы жер учаскесі пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары Полигон қолбасшылығымен бірлесіп, Кіші Богдо тауы ауданындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізеді.».
2. Келісімнің 9-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Полигон қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, маусымдық ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Тарапының Полигон аумағының учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды және дүлей зілзалаларды жою кезінде көмек көрсетеді.».
3. Келісімге № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«1995 жылғы 20 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Ресей
Федерациясы Қорғаныс министрлігінің
(объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан)
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын
пайдалану тәртібі туралы келісімге
№ 1 ҚОСЫМША
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс
алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан)
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының жер учаскелерінің
шекараларын айқындайтын координаттық нүктелердің
ТІЗБЕСІ
Нүкте нөмірі |
Географиялық координаттар |
|
солтүстік ендік |
шығыс бойлық |
|
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
48 20 00 |
4649 00 |
2 |
48 28 00 |
4649 00 |
3 |
48 28 00 |
47 00 00 |
4 |
48 27 21 |
4702 45 |
5 |
48 27 33 |
4705 24 |
6 |
48 28 16 |
470529 |
7 |
48 29 00 |
4700 00 |
8 |
48 30 00 |
4655 00 |
9 |
48 37 00 |
4655 00 |
10 |
48 37 00 |
4710 00 |
11 |
48 44 00 |
47 10 00 |
12 |
48 44 00 |
47 13 00 |
13 |
48 46 00 |
4716 00 |
14 |
48 46 00 |
4725 00 |
15 |
48 44 00 |
472500 |
16 |
48 44 00 |
4727 00 |
17 |
48 45 00 |
4728 00 |
18 |
48 44 00 |
4748 00 |
19 |
48 40 00 |
4748 00 |
20 |
48 40 00 |
4733 00 |
21 |
4832 00 |
4733 00 |
22 |
4832 00 |
4748 00 |
23 |
48 36 00 |
474800 |
24 |
48 36 00 |
480300 |
25 |
4843 00 |
480300 |
26 |
48 37 00 |
4852 00 |
27 |
4838 00 |
48 53 00 |
28 |
48 3700 |
4907 00 |
29 |
4830 00 |
4905 00 |
30 |
4819 00 |
5015 00 |
31 |
4817 00. |
5014 00 |
32 |
4805 00 |
4958 00 |
33 |
4805 00 |
4947 00 |
34 |
4804 00 |
4944 00 |
35 |
48 03 00 |
4925 00 |
36 |
4757 00 |
4925 00 |
37 |
4800 00 |
4912 00 |
38 |
4805 00 |
4853 00 |
39 |
4807 00 |
4827 00 |
40 |
4810 00 |
4802 00 |
41 |
4811 00 |
4800 00 |
42 |
48 12 00 |
4749 00 |
43 |
48 13 00 |
47 35 00 |
44 |
48 14 00 |
47 28 00 |
45 |
48 15 00 |
47 12 00 |
46 |
4820 00 |
4649 00 |
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
4805 06 |
53 02 00 |
2 |
4818 35 |
53 02 32 |
3 |
48 17 45 |
53 42 56 |
4 |
4804 17 |
5342 14 |
5 |
4805 06 |
53 02 00 |
Координаттары бар нүктелері арқылы өтетін сызықпен шектелген |
||
1 |
47 13 15 |
515558 |
2 |
47 13 23 |
5155 57 |
3 |
47 13 23 |
515621 |
4 |
4713 14 |
5156 22 |
5 |
4713 15 |
5155 58». |
2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде көрсетілген Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді.
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін үшін