Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 730-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 31 және 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
31 |
Халықты жұмыспен қамту туралы (жаңа редакция) |
ДСӘДМ |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
Б.Б. Нұрымбетов |
32 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ДСӘДМ |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
Б.Б. Нұрымбетов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов