Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1421 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 218; 23.06.2015 № 471; 30.06.2015 № 497; 17.07.2015 № 546; 23.07.2015 № 560; 07.08.2015 № 614; 30.10.2015 № 867; 12.11.2015 № 894; 19.11.2015 № 922; 09.12.2015 № 980; 25.12.2015 № 1062; 18.02.2016 № 75 қаулыларымен.

Р/с №

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

Әділетмині

Үкімет

Парламент

1

2

3

4

5

6

7

1

Төрелік туралы

Әділетмині

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

З.Х. Баймолдина

2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

З.Х. Баймолдина

3

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы

Әділетмині

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

Б.Ж. Әбдірайым

4

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау. жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы

Әділетмині

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

Б.Ж. Әбдірайым

5

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

А.М. Теңгебаев

6

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖС (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

І.С. Испанов

7

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

С.Қ. Жақыпова

8

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

Ақпан

Наурыз

Мамыр

Т.Ә. Ахсамбиев

9

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ (келісім бойынша)

Ақпан

Наурыз

Мамыр

К.Б. Қожахметов

10

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 560 қаулысымен

11

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МСМ

Наурыз

Сәуір

Маусым

М.А. Әзілханов

12

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 546 қаулысымен.

13

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Наурыз

Сәуір

Маусым

З.Х. Баймолдина

14

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

Наурыз

Сәуір

Маусым

Т.Ә. Ахсамбиев

15

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.06.2015 № 497 қаулысымен

16

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Наурыз

Сәуір

Маусым

Т.М. Жақсылықов

17

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МСМ

Наурыз

Мамыр

Шілде

Ғ.A. Ахмедьяров

18

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИДМ

Сәуір

Мамыр

Шілде

Е.К. Сағадиев

18-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

Ақпан

Сәуір

Тамыз

Б.М. Жақсалиев

19

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Сәуір

Маусым

Тамыз

Қ.А. Өскенбаев

20

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени-көріністік және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

Мамыр

Маусым

Тамыз

Е.З. Тұрғымбаев

21

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

Тамыз

Тамыз

Тамыз

М.Ә. Құсайынов

22

2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

Тамыз

Тамыз

Тамыз

Л.М. Кармазина

23

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ

Шілде

Тамыз

Қазан

С.Қ. Жақыпова

24

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.10.2015 № 867 қаулысымен.

25

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

М.Е. Әбілқасымова

26

Пошта туралы

ИДМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

А.Қ. Жұмағалиев

27

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ИДМ

Тамыз

Қыркүйек

Қараша

А.Қ. Жұмағалиев

28

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 894 қаулысымен.

28-1

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 922 қаулысымен.

29

Төлемдер және төлем жүйелері туралы

ҰБ (келісім бойынша)

Тамыз

Қазан

Желтоқсан

Н.Ж. Құсайынов

30

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ (келісім бойынша)

Тамыз

Қазан

Желтоқсан

Н.Ж. Құсайынов

31

Халықты жұмыспен қамту туралы (жаңа редакция)

ДСӘДМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Б.Б. Нұрымбетов

32

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСӘДМ

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Б.Б. Нұрымбетов

33

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 75 қаулысымен.

34

Коллекторлық қызмет туралы

ҰБ (келісім бойынша)

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Қ.Б. Қожахметов

35

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ (келісім бойынша)

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Қ.Б. Қожахметов

36

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1062 қаулысымен.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады