«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
Жоғарыда аталғанның негізінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыруды көздейтін «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы қабылданды.
Қаулы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 027 «Жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шамасында іске асырылатын болады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 985 қаулысы
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Жинақталған:
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз