Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1001 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі:

      1) республикалық бюджет қаражаты:

      2015 – 45 353 595 мың теңге;

      2016 – 38 157 491 мың теңге;

      2017 – 41 345 919 мың теңге;

      2018 – 41 345 339 мың теңге;

      2019 – 66 922 683 мың теңге;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 2015 жылы – 9 781 530 мың. теңге.";

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары" деген 5-бөлімде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде де субсидиялау жүзеге асырылады.

      Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін бөлінген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің бір бөлігі бойынша жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК-нің шешімінде көрсетілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.";

      95-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде де субсидиялау жүзеге асырылады.";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ішінде бұрын банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін бөлінген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің бір бөлігі бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 105-1-тармақпен толықтырылсын:

      "105-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.";

      267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "267. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.";

      415-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлу кезінде Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.";

      "Қажетті ресурстар" деген 7-бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаны іске асыруға:

      1) республикалық бюджеттен 2015 жылы – 45 535 595 мың теңге, 2016 жылы – 38 157 491 мың теңге, 2017 жылы – 41 345 919 мың теңге, 2018 жылы – 41 345 339 мың теңге, 2019 жылы – 66 967 833 мың теңге көзделеді;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға 2015 жылы – 7 200 000 мың теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге 2015 жылы – 9 781 530 мың теңге көзделуде.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады