Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 және "Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1022 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 28 қаулысымен.

      2) "Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1079- құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесінде:

      "2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген бөлімдегі:

      мына:

      "


№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Алматы қаласы, Медеу ауданы

Жабық

2466


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Іле ауданы Қараой кенті.

Жабық

2466


      ".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 28 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады