"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1027 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі – басқа мемлекеттердің аумағында әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге өтеусіз көрсететін көмек.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен қаражат бөлінген;»
      24-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен қаражат бөлінген жағдайда, тиісті мемлекеттік орган осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.»;
      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінде көзделген шекте ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      27. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға арнайы резервтен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақша бөлу туралы оң қорытындысының көшірмесін қоса береді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысымен қаражат бөлінген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға арналған резервтерінен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға пайдалануды және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.»;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат).».
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады