"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1040 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
      1) 16-тармақта:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді, бекітеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
      131-2) тармақша алып тасталсын;
      131-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «131-3) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;»;
      133) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «133) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «135) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «137) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
      153) және 154) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «153) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      154) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      158) және 159) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «158) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
      159) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;»;
      162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «162) электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «167) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «170) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      173) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «173) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «179) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;»;
      183) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «183) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 186-1), 186-2), 186-3), 186-4), 186-5), 186-6), 186-7), 186-8), 186-9), 186-10), 186-11), 186-12), 186-13), 186-14), 186-15), 186-16), 186-17), 186-18) және 186-19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «186-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      186-2) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      186-3) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-4) ұлттық операторды айқындайды, сондай-ақ ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-5) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      186-6) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-7) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      186-8) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;
      186-9) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      186-10) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      186-11) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
      186-12) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
      186-13) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-14) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға,-кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      186-15) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-16) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-17) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-18) міндетті ведомстволық есептілік нысандарын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;
      186-19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы 204-1) және 204-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «204-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды қолдануды айқындайды;
      204-2) қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде ендірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 220-1) және 220-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «220-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
      220-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 238-5), 238-6) және 238-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «238-5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекітеді;
      238-6) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;»;
      238-7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 244-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «244-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін даму стратегиясын және инвестициялық саясатын келіседі;»;
      2) 17-тармақта:
      32) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
      33) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай- күйін зерттеп-қарауды жүзеге асырады;»;
      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «36) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
      36-1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын береді;
      37) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      38) электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;»;
      40-1) және 40-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «40-1) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
      40-2) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады;»;
      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне, ірі энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;»;
      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «43) мыналарға:
      электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына;
      электр және жылу энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруға, ұтымды және үнемді пайдалануға;
      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;»;
      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «45) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;»;
      мынадай мазмұндағы 46-1) және 46-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
      46-2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;»;
      71) тармақшаның отыз сегізінші абзацындағы «сақталуын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;» деген сөздер «сақталуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы және қырқыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауын;
      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «71-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      2. Осы қаулы:
      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, қырқыншы, қырық жетінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші абзацтарын және 1-тармақтың 2) тармақшасының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарын;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының жетінші, сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық сегізінші және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады