Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) осы Қағидалардың 7-бөлімінде көрсетілген Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-бөлімінде көрсетілген EIectricite de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелерді қоспағанда, табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 8-бөліммен толықтырылсын:
«8. EIectricite de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау тәртібі.
22. Мәмілелер бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = 0.50 x BP x Esc + 0.50 x SP x (100% - D): 100%, мұнда:
P (price) – уран концентратының бағасы (U3O8 фунтына АҚШ долларымен);
BP – (base price) – оферта берілген немесе келісімшарт жасалған күнге ресми танылған ақпарат көздерінен (U3O8 фунтына АҚШ долларымен) алынған табиғи уран концентратының орта мерзімді және ұзақ мерзімді индикаторларының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмайтын шамаға тең бағаны құрайтын, келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын базалық баға;
SP (spot price) – меншік құқығының сатып алушыға ауысу күнінің алдындағы алты ай ішіндегі Trade Tech LLC (Exchange Value) және Ux U3O8 Month End Spot price споттық бағаларының орташа арифметикалық мәні;
D – (discount) – дисконт, %.
SP жоғарғы шегі Ux Consulting LLC «Uranium Market Outlook» есебінде тоқсан сайын жариялайтын, оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күнге қолданыста болатын табиғи уран концентраты (High Price Midpoint) бағаларының болжамды индикаторларының мәнінен төмен болмауға тиіс.
Эскалация коэффициенті (Esc) жылына 2%-дан аспауға тиіс.»;
ескертпе мынадай мазмұндағы «****» толықтырылсын:
«**** 8-бөлімнің талаптары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен EIectricite de France француз атом электр станциялары операторының арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатудың 2021 - 2025 жылдар кезеңіне арналған келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов