"Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1041 қаулысы

«Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1041 қаулысына баспасөз релизі

      «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1041 қаулысы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы қаражатын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
      Қаулыны қабылдаудың мақсаты табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларының (әдістемесінің) жекелеген ережелерін айқындау және нақтылау болып табылады.
      Қаулыны қабылдаудың қажеттілігі уранның нарық бағасының күрт секіруінен/ауыткуынан қорғау тетіктерін жасау және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың Electricite de France француз атом электр станциялары операторымен табиғи уран жеткізуге арналған ірі ұзақ мерзімдік келісімшартын жасасу бойынша кедергілерді жою болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз