"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және оның саудасы жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.06.2018 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |