Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1118 қаулысы

      2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының
2) тармақшасына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1118 қаулысымен    
бекітілген        

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» кіші бағдарламасы, 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру» кіші бағдарламасы, 102 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» кіші бағдарламасы және 105 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және:
      1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын;
      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
      3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарының негізінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
      Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Министрлік нысаналы трансферттер сомаларын өңірлер арасында қайта бөлу туралы ұсынысты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  30 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есеп ұсынады.
      5. Министрлік Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі  112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады.

Облыстық бюджеттердің, Астана
және Алматы қалалары     
бюджеттерінің Қазақстан     
Республикасында агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту жөніндегі 2013 –
2020 жылдарға арналған     
«Агробизнес-2020» бағдарламасы 
шеңберінде өңірлерде      
агроөнеркәсіптік кешен     
субъектілерін қолдауға берілетін
2015 жылға арналған ағымдағы  
нысаналы трансферттерді    
пайдалану қағидаларына    
қосымша           

Ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы есеп 20__ ж. «___» ___________

Мемлекеттік органның атауы _________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы ________________________________________
Есеп кезеңі ________________________________________________________
Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат көлемі ___________________
____________________________________________________________________
               (бюджеттік бағдарламаның атауы)
____________________________________________________________________
         (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ескертпе


Тікелей нәтиже көрсеткіштері




1

Субсидиямен қамтылған өндірілген өнімнің көлемі, мың тонна, оның ішінде:

мың тонна




құрғақ сүт





сары май





сірне





ақ қант




2

АӨК субъектілерінің жаңа өндірістік қуаттарды құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салынымдарын азайту

мың теңге



3

АӨК субъектілері үшін сақтандыру сыйлықақылары мен кепілдік үшін комиссия құнын арзандату

мың теңге




Түпкі нәтиже көрсеткіштері




1

Өткен жылға шыққанда сүт өнімі өндірісінің өсуі

%




құрғақ сүт





сары май





сірне




2

Инвестициялық субсидия арқылы тартылған инвестицияның көлемі

мың теңге



3

АӨК субъектілеріне қарыздарды сақтандыру және кепілдендендіру жүйесі арқылы қаржы институттары ұсынған кредиттердің сомасы

мың теңге



4

Қарыздарды сақтандыру және кепілдендендіру жүйесі арқылы кредит берілген АӨК субъектілерінің саны

бірлік




Бюджет қаражатының көлемі

мың теңге



М.О.
Әкім          ________________________________________ ____________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)

Бірінші басшысы -
төмен тұрған бюджеттік
бағдарламаның әкімшісі _____________________________________ _______
                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады