Инвестициялық субсидия беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1122 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 291-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Kaz Kioti» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Daedong» сауда маркасындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша трактор зауытын салу» инвестициялық басым жобасы бойынша қосылған құн салығы мен акциздерді есепке алмай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы инвестициялық субсидия берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады