"Базалық лауазымдық жалақының, түзету коэффициентінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған жоғарылату коэффициентінің мөлшерлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1158 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнің 16.10.2017 № 647 қаулысымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Базалық лауазымдық жалақының, түзету коэффициентінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған жоғарылату коэффициентінің мөлшерлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы "1,35 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін." деген сөздер "1,35 мөлшерінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне 1,30 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін.".

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады