Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 537-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 6-тармағына және 12-бабына сәйкес» Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды белгілейді.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 536-құжат).
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен
бекітілген
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
3) аттестатталған сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиiстi аттестаты бар жеке тұлға.
2. Жария етуді өткізу тәртібі
3. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу үшін жария ету субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
4. Жария ету субъектілері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға ұсынады.
5. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.
6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:
1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;
3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады.
Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негiз болған себептердi жойған кезде жария етуші субъект Заңда белгiленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
7. Жария ету мерзімі ішінде берілген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш комиссияға берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.
8. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алған кезде хатшы/орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) толтырады. Журнал нөмірленуі (беттері), тігілуі және тиісті жергілікті атқарушы органның, салық органының мөрімен бекітілуі тиіс.
Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімдемеде (бұдан әрі – тізімдеме) тіркеледі.
Тізімдеме 2 данада ресімделеді, бірінші дана өтініш берушіге беріледі, екінші дана өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тігіледі. Бұл ретте, өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс.
9. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия мүлікті жария ету туралы:
1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы;
2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту туралы (бас тартудың себептері көрсетіле отырып) екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету туралы не мүлікті жария етуден бас тарту туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағындағы объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдай бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
11. Комиссия құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тартуды Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Жария етуден бас тартқан немесе құжаттар топтамасын қайтарған кезде хатшы комиссияның төрағасы қол қоятын ілеспе хат дайындайды және журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда, комиссия хатшысы түпнұсқаларды қайтаруы қажет, бұл ретте көрсетілген түпнұсқалардың көшірмелері өтініш берушінің ісінде тігілуі тиіс.
12. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.
13. Комиссияның шешімі туралы тиісті мәліметтер журналға/жария етілген мүліктің тізіліміне белгіленген нысан бойынша енгізіледі.
14. Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны (сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.
Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны тартуды өтініш беруші дербес жүзеге асырады.
Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен әкімнің аппаратына жүгінеді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделмеген
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жылжымайтын мүлікті жария
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді есепке алу журналы
мың теңге
Р/с № |
Мүлікті жария ету үшін құжаттар ұсынылған күні |
Өтініш берушінің Т.А.Ә. |
ЖСН (жеке тұлға үшін) |
Өтініш берушінің тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы |
Жария етілетін мүліктің тізбесі |
Жария етілетін мүліктің құны |
|||
оның ішінде |
|||||||||
Барлығы |
ҚР аумағындағы мүлік |
Шетелдегі жылжымайтын мүлік |
Шетелдегі бағалы қағаздар |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Жария етілетін мүліктің құны |
Комиссияның шешімі |
Жауапты адамның Т.А.Ә. |
|||
оның ішінде |
оның ішінде |
||||
Тиісті емес адамға ресімделген бағалы қағаздар |
Тиісті емес адамға төленген мүлік |
шешім қабылдау туралы хаттаманың нөмірі мен күні |
құжаттарды қайтару туралы хаттың нөмірі мен күні |
құжаттарды қайтару себебі |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделмеген
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жылжымайтын мүлікті жария
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың № ____ тізімдемесі
Ұсынылған құжаттардың тізбесі
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
Құжаттардың саны ___________________(________________________)
(жазбаша)
Құжаттардағы парақтар саны ______________(_____________________)
(жазбаша)
Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:
_______________________ ____________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қолы
201___жылғы «___»______
Мөртабан орны
_ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
- қию сызығы
Мен,________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
201 __ жылғы _______________ № ____ мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізімдемесін шын мәнінде алдым, сондай-ақ жария ету үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтағы мен толықтығы үшін жауаптымын және:
мен жария ету үшін құжаттарды ұсынған мүлік «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңның 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес алынған мүлікке жатпайтынын растаймын.
Өтініш беруші _______________ _____________ 201 жылғы «__» ______.
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қолы
Құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделмеген
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жылжымайтын мүлікті жария
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия отырысының
№_____ ХАТТАМАСЫ
Төрағалық етуші: ___________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты)
Комиссияның мына мүшелері
қатысты:____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Отырыстың күн тәртібі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Шешім:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:_________________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Комиссия төрағасының, төраға орынбасарының және комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. және қолдары:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________
7.__________________________________________________________________
Құқықтары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ресімделмеген
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жылжымайтын мүлікті жария
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
________________________
(өтініш берілетін орган)
________________________
________________(кімнен)
Жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін
ӨТІНІШ
Т.А.Ә.______________________________________________________________
ЖСН ________________________________________________________________
Тұратын жері________________________________________________________
Жеке тұлғаны куәландыратын құжат: түрі, ___________________________,
сериясы _____________________ № ___________ __________________
берілген күні _____________________
Мен, (Т.А.Ә.)_(т.к.а.ж.)____________________________________________
__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
Сізден мынадай мүлікке техникалық тексеру жүргізу тұрғысынан шарт жасасу үшін сарапшы ұсынуды сұраймын:
Р/с |
Объектінің атауы |
Объектінің орналасқан жері |
Қолы: Күні:
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1179 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен
бекітілген
Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтияры бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
2) тiзiлiм – мүлiкті жария ету барысында жиналған қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды қамтитын ақпараттық ресурс;
3) өтініш беруші – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.
2. Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі
3. Комиссияның хатшысы мүлікті жария ету туралы шешім шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде, бірақ өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тізілімге мәліметтерді енгізеді.
4. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның хатшысы тізілімді мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
5. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) мүліктің атауы;
2) мүліктің тұрған жері;
3) мүліктің бағалау құны;
4) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімінің нөмірі;
5) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның шешім қабылдаған күні;
6) өтініш берушінің тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты;
7) өтініш берушінің қолы;
8) хатшының/жауапты орындаушының қолы.
6. Тізілімде қамтылған мәліметтер құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялануға жатпайды.
7. Жергілікті атқарушы органдарда жария етілген мүліктің тізілімін сақтау мерзімі – кемінде бес жыл.
Жария етілетін мүліктің тізілімін
жүргізу қағидаларына
қосымша
«Бекітемін»
Комиссияның төрағасы
______________________________
______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
______________________________
(күні)
Жария етілген мүліктің
№ _____ ТІЗІЛІМІ
Р/с № |
Мүліктің атауы |
Мүліктің тұрған жері |
Жария етілген мүліктің бағалау құны |
Шешімнің № (болған жағдайда) |
Шешім қабылданған күн |
Өтініш берушінің Т.А.Ә. |
Өтініш берушінің қолы |
Хатшының қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:_______________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)