"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы ("Халықтық IPO") шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 953 қаулысымен   
бекітілген      

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы
қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO»)
шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы
холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму
институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi
банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында
орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру
шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының
жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес жария ету субъектілерінің жинақ шотында (бұдан әрі – жинақ шоты) орналастырылған ақша есебінен:
      1) жекешелендіру объектілерін;
      2) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының («Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберіндегі акцияларды қоспағанда) активтерін (бұдан әрі – Қор тобы ұйымдарының активтері);
      3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы (бұдан әрі – «Халықтық IPO» бағдарламасы) шеңберіндегі акцияларын;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастырған кезде сатып алу тәртібін белгілейді.
      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін жария ету субъектілері деп Заңда белгіленген тәртіппен мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар түсініледі.

2. Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін немесе
активтерін сатып алу тәртібі

      2. Жария ету субъектілері:
      1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында белгіленген тәртіппен жекешелендіру объектілерін;
      2) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) белгілеген тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізілетін Қор тобы ұйымдарының активтерін сатып алады.
      3. Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін немесе активтерін сатып алатын жария ету субъектілері атына жинақ шоты ашылған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкіне, Ұлттық пошта операторына (бұдан әрі – Банк (пошта операторы):
      1) хабарламаны ұсына отырып, кепілді жарнаны төлеу үшін алдағы сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген деректемелерге сәйкес;
      2) оларды сатып алуды төлеу үшін тиісті шарттың көшірмесін қоса бере отырып, Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активін сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемелерге сәйкес ақша аудару туралы нұсқау береді.
      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген кепілді жарнаны төлеу үшін ақша аудару туралы ұсынылған нұсқаудың негізінде атына жинақ шоты ашылған Банк (пошта операторы) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес берілген нұсқауға сәйкес ақшаны аударады.
      5. Жария ету субъектісінен Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активін төлеу үшін ақша аудару туралы нұсқау алған кезде атына жинақ шоты ашылған Банк (пошта операторы) нұсқауда көрсетілген және Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активін сатып алу-сату шартында жария ету субъектісі ұсынған ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті деректемелердің сәйкестігін тексереді және оларда алшақтық болмаған кезде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген деректемелерге сәйкес ақша аударымын жүзеге асырады.
      6. Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілері мен активтерінің сауда-саттығын ұйымдастырушы кепілді жарнаны «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында көзделген жағдайда, сондай-ақ Қор белгілеген тәртіппен сол жинақ шотына қайтаруы тиіс.
      7. Соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде Қор тобы ұйымдарының жекешелендіру объектісін немесе активін сатып алу-сату шарты бұзылған кезде ақшаны қайтару кепілді жарнаның сомасын алып тастай отырып, жинақ шотына жүргізіледі.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын,
Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің,
ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан
Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын
және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де
бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезінде сатып алу,
сондай-ақ «Халықтық IPO» бағдарламасының шеңберіндегі
акцияларды сатып алу тәртібі

      8. Осы Қағидалардың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды (бұдан әрі – бағалы қағаздар) сатып алатын жария ету субъектісі атына жинақ шоты ашылған Банкке (Пошта операторына) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар брокермен брокерлік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін (түпнұсқасын ұсына отырып) беруі қажет.
      9. Жария ету субъектісі осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттың негізінде жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған Банкке (Пошта операторына) клиенттердің ақшаларын есепке алу үшін орталық депозитарийде брокер ашқан ағымдағы шотқа (бұдан әрі – брокердің ағымдағы шоты) ақша аудару туралы нұсқау береді.
      10. Банк (Пошта операторы) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттың негізінде жария ету субъектісінің ақша аудару туралы нұсқауын орындайды, сондай-ақ жазбаша түрде брокерді аудару сомасы мен аудару жүзеге асырылған жария ету субъектісінің жинақ шотының нөмірі туралы мәліметтерді бере отырып, жүргізіліп отырған мүлікті жария ету шеңберінде ақшаның аударылғаны туралы хабарлайды.
      11. Жария ету субъектісі атына жинақ шоты ашылған Банк (Пошта операторы) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген ақшаны аударуды жүзеге асырғаннан кейін брокерге жүргізіліп отырған мүлікті жария ету шеңберінде брокердің ағымдағы шотына аударылған ақша сомасының шегінде және жария ету субъектісі бағалы қағаздарды сатып алуы тиіс мерзімде осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен ақшаны аудару жүзеге асырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын, бағалы қағаздарды біржолғы сатып алуға нұсқауды қамтитын клиенттік тапсырыс береді.
      Брокер мүлікті жария ету шеңберінде қабылданған ақшаны есепке алуды, жария ету субъектісінің бағалы қағаздарды сатып алуға арналған осы ақша сомасын пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      12. Жария ету субъектісі:
      1) бағалы қағаздарды сатып алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде брокерге ақшаның пайдаланылмаған бөлігін өзінің жинақ шотына қайтару қажеттілігі туралы тапсырма береді;
      2) бағалы қағаздар сатып алынбаған жағдайда, осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген бағалы қағаздарды сатып алуға арналған мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде брокерге ақшаны өзінің жинақ шотына қайтару қажеттілігі туралы тапсырма береді.
      13. Брокер жария ету субъектісінің нұсқауын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жария ету субъектісі ақшасының пайдаланылмаған бөлігін не барлық сомасын оның жинақ шотына қайтаруды жүзеге асырады.
      14. Брокер бағалы қағаздар сатып алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған Банкке (Пошта операторына) брокердің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оны алмастыратын адам) қол қойған және мәміле жасау күнін, сомасын және бағалы қағаздар сатып алынған бағалы қағаздар нарығын (бастапқы немесе қайталама) көрсете отырып, бағалы қағаздардың біржолғы сатып алынуын растайтын брокер мөрінің бедерімен расталған құжатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес аталған жария ету субъектісінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжатты береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады