"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау
және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің, елдің стратегиялық даму бағыттарымен өзара байланысты бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін бюджеттік мониторингтеу және талдау нәтижелерінің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылында жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.
      Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.
      Түзетілген бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруін ескереді.
      Есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының ауытқуы, пайыздық қатынасы түзетілген бюджетке есептеледі және тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепте көрсетіледі.»;
      8-тармақта:
      екінші бөлікте:
      алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің сомасынан ауытқуы;
      есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің сомаларына пайыздық қатынасы;»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен және екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «бюджеттік сомалардың игерілмеу сомасы көрсетіле отырып, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет түсімдері сыныптамасының кодтары мен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бойынша қалыптастырылады.
      Бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылы бөлінген, пайдаланылмаған нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден түзетілген бюджеттің асып түсу сомасы республикалық бюджет қаражатының игерілмеу сомасы болып табылады.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің атқарылуын көрсетеді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік орган жүргізген бюджеттік мониторинг пен нәтижелерді бағалау нәтижелеріне негізделген республикалық бюджеттік бағдарламалардың түсімдері және оларды іске асыру жөніндегі талдамалық деректерді қамтиды және мынадай:»;
      үшінші, төртінші, бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «бөлінген бюджет қаражаттарының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың игерілмеу сомалары мен себептері, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпаратты қамтитын «Шығындар» бөлімі бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
      бөлінген бюджет қаражаттарының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың игерілмеу сомалары мен себептері, кредит берумен байланысты, сондай-ақ іс жүзіндегі атқарылудың бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша қаражаттардың түсу жоспарынан ауытқуының негізгі факторлары мен себептерін көрсететін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпаратты қамтитын «Таза бюджеттік кредит беру» бөлімінің атқарылуы туралы;
      бөлінген бюджет қаражаттарының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың игерілмеу сомалары мен себептері, қаржы активтерін сатып алумен байланысты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы, сондай-ақ мемлекеттік қаржы активтерін сатудан іс жүзіндегі түсімдердің жоспарлы сомадан ауытқу себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсімдер жоспарының орындалуы туралы ақпаратты қамтитын «Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо» бөлімінің атқарылуы туралы;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                            Н.Назарбаев
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады