"Республикалық физика-математика мектебі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) орналастырылған акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызын құрайтын 989016 (тоғыз жүз сексен тоғыз мың он алты) жай акциялар мөлшеріндегі қоғамның акциялар пакеті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
            
      Қазақстан Республикасының     
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады